БАЛҚАШ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА №5 БІРМАНДАТТЫҚ САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША

Нуртаев.jpg

ҮМІТКЕР НҰРТАЕВ ҚАЙРАТ ЛӘТІПҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен Нұртаев Қайрат Ләтіпұлы Балқаш ауданы, Бақанас ауылында  1970 жылы дүниеге келдім.

Білімім  жоғары. 2002 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын бітірдім. Мамандығым- инженер-экономист.

1988 жылы – Балқаш аудандық байланыс торабында электромонтер болып жұмысқа тұрдым.

1988-1990 жылдары Совет армиясы қатарында әскери борышымды өтедім.

1990-1996 жылдары күшейткіш пунктінің электро-механигі болсам, ал 1998-2005 жылдары Балқаш телекоммуникациясының экономисі болып  қызмет атқардым. 2005 жылдан осы күнге дейін Балқаш аудандық телекоммуникациясының сату бөлімінің бас маманы болып еңбек етудемін.

Отбасылымын, үш баланың әкесімін.

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге ықпал етемін;

Бақанас ауылына келіп тұрған газ құбырына газды беруге ықпал жасаймын;

Аудан экономикасына бөлінген барлық қаржыны бақылауға алып, қадағалауды қолға аламын;

Аудан көлеміндегі ауылдық округтердегі интернет жүйесінің сапасының жақсаруына және интернет жүйесі жүргізілмеген елдімекендерге интернет желісін орнатуға жұмыс жасау;

Бақанас ауылындағы барлық жолдардың сапалы жасалуына ықпал ету;

Жарықтандыруды сапалы болуына ықпал ету;

Бақанас ауылындағы көшелерге сапалы су құбырын тартуға ықпал ету, барлық тұрғындарға су берілуін қамтамасыз ету;

Газ құбыры тартылмаған үйлерге газ тартылуын ұйымдастыру;

Бақанас ауылындағы берілетін жалгерлік тұрғын үйлердің сапасына көңіл бөлу және жөнделуіне ықпал жасау; 

Бақанас ауылындағы көшелердің жарықтандыруын қамтамасыз етуге және кәріз жүйесін іске қосуға ықпал жасау:

Шағын бизнесті және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты алғашқы 3 жылында салықтан босату және мейілінше аяқтан тұруына жәрдемдесу;

Әлеуметтік тұрғын үйді бөлу кезегінің ашық мониторгін жүргізу, жетім балаларға және тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы отасыларға бөлінуіне ықпал ету;

Тұтыну себетінің нақты құнымен анықталып, онда азық-түлік, киім-кешек, коммуналдық қызметтер және қоғамдық көліктер шығындарын азайту;

Дарынды ауыл балалары үшін барынша жағдай жасауға ықпал ету;

Мал тұқымын асылдандандыру мақсат-ында мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген несие түрлерін және қысқы мал азығын сатып алуға берілетін субсидиялардың шаруашылықтарға қолже-тімді болуына ықпал етемін;

2023 жылы 5 қабатты 40 пәтерлік тұрғын үй құрылысына, 30 жалгерлік тұрғын үйдін құрылыс жұмыстарына, 2024 жылы 35 жалгерлік тұрғын үйдін құрылыс жұмыстарына, 2025 жылы Бақанас ауылында 2 қабатты 4 пәтерлі 13 жалдамалы тұрғын үй құрылысына, 2026 жылы Бақанас ауылында 3 қабатты 18 пәтерлік жалға берілетін тұрғын үй құрылысына, ал 2027 жылы 50 жалгерлік тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарының жүруіне ықпал етемін.

Ауылымыздың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында барлық заңсыз күл-қоқыс орындарын жоюға жұмыс жасаймын.

2025 жылға Бақанас ауылының кәріз жүйесін реконструкция және жөндеуден өткізуге жұмыс атқарамын.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр