БАЛҚАШ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА №4 БІРМАНДАТТЫҚ САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША

Жиембекова М.Б..jpeg

ҮМІТКЕР ЖИЕМБЕКОВА МАҚПАЛ БЕКМҰРАТҚЫЗЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен Жиембекова Макпал Бекмұратқызы1985 жылы Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Коментерн ауылында дүниеге келдім.

2003 жылы Балқаш ауданы, Ақдала ауылдық орта мектебін тәмамдадым. 2003 жылы Талғар қалалық медицина колледжінің емдеу ісі бөліміне оқуға түсіп, аталған оқу орнын 2006 жылы емдеу ісі бөлімі фельдшер мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтадым.

Еңбек жолымды 2006 жылы Балқаш аудандық ішкі істер бөлімінің фельдшері болып бастап, 2009 жылы Бақбақты ауылдық ауруханасына мейірбике болып жұмысқа кірдім. Аталған мекемеден 2011 жылы Бірлік ауылдық фельдшерлік-акушерлік пунктіне фельдшер болып ауыстым.

Қазіргі таңда аталған мекемеде фельдшер қызметін атқарудамын.

Жанұялымын, 4 баланың анасымын.

 

Құрметті сайлаушылар!

Балқаш аудандық мәслихат депутат-тығына үміткер ретінде алдыма нақты міндеттер қойып, оны жүзеге асыруға өз үлесімді қосуға аянбай еңбек ететін боламын.

Өзім медицина саласының қызметкері болғандықтан алдымен аудан көлемінде медицина  саласының жақсаруына көңіл бөлемін.

Алдымен көпбалалы аналардың  және мүмкіндігі шектеулі жандардың тегін емделуіне ықпал етемін. Сонымен қатар аудан жастарының медицина саласында тегін білім алуларына жағдай жасаймын.

Аудан тұрғындарының өмір сүру ұзақтығын арттыру үшін аудандық Орталық аурухананың медициналық құрал-жабдықтарын заманауи үлгіде болуына және отбасы институтын нығайту мақсатында өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету, ұрпақ өрбіту бойынша  сәбилердің денсаулығына баса назар аударып, аудан көлеміндегі елді мекендерде дәріханалардың ашылуына ықпал етемін.

Аудан көлеміндегі жолдардың сапалы болып жасалуын өз қадағалауыма аламын.

Бақанас мектеп-интернатында бі-лім алып жүрген оқушылардың тегін тамақтануына және оқу-құралдармен қамтамасыз етілулеріне ықпал етемін.

Ауылымыздың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында барлық заңсыз қүл-қокыс орындарын жоюға жұмыс жасаймын. 2025 жылға Бақанас ауылының кәріз жүйесін реконструкция және жөндеуден өткізуге жұмыс атқарамын;

Аудан орталығындағы көшелерге жаяу жүргіншелер жүретін жолдардың салынуына және түнгі көше жарықтарының орнатылуына өз үлесімді қосатын боламын.

Сондай-ақ аудан көлемінде қайырымдылық көмек көрсету, волонтерлік қозғалысты дамыту және тұрғын үйсіз жүрген отбасылардың тұрғын үй кезегіне тұруға көмек қолын созамын.

 Жоғарыда аталған барлық мәселелердің шешімін Балқаш ауданын дамыту жоспарын одан әрі жүзеге асырумен әзірлеуден көремін.

Мен де өз елімнің нағыз патриоты ретінде Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «мүлдем» төзбеушілік атмосферасын құруға және оның деңгейін төмендетуге көмектесемін, халқымыздың бірлігі мен ынтымағын нығайтуға күш саламын.

Алдыға қойған мақсаттар жетерлік. Олардың барлығының орындалуына сіздердің қолдауларыңыз қажет деп білемін.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ
  • ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕЙРАМ
  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР