БАЛҚАШ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА №4 БІРМАНДАТТЫҚ САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША

Алимбаева.jpg

ҮМІТКЕР ӘЛІМБАЕВА ЖАЙДАРЫ ДАУПАСҚЫЗЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен Әлімбаева Жайдары Даупасқызы Балқаш ауданы, Бақанас  ауылында 1968 жылы дүниеге келдім.

1985 жылы Абай атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді  Қазақ педагогикалық институтында физика – информатика мұғалімі мамандығы бойынша оқып, 1990 жылы бітірдім.

Алғашқы еңбек жолымды 1990 жылы Береке орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі ретінде бастадым.

1992-1996 жылдар аралығында Балқаш ауданы, Бақанас ауылындағы  №2 Бақанас  орта мектебінде физика пәні мұғалімі   бойынша қызмет атқардым.

1996- 2003 жылдары Б.Бейсекбаев атындағы орта мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары болып еңбек еттім.

2003-2005 жылдары  №758 ҰБТ пунктінің директоры.

2005-2007 жылдар аралығында Ақжар ауылындағы   Ж.Бәрібаев  атындағы орта мектеп директоры қызметін атқардым.

2007-2016 жылдары Б.Бейсекбаев атындағы орта мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары.

2016-2018 жылдар аралығында  Ақдала орта мектебінде директор лауазымын атқардым. Ал 2018 жылдан осы уақытқа дейін «Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ-де директор қызметін атқарып келемін.

Отбасылымын, екі баланың анасымын.

Құрметті сайлаушылар!

2024 жылы Бақанас ауылында Жастарды қолдау орталығын ашуға ықпал етемін. 2027 жылға дейін «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен жас мамандарды жұмысқа тартуға іс-шаралар ұйымдастырамын. Жаздық кезенде «Жасыл ел» бағдарламасымен жастарды жұмысқа тартуға көмек көрсетемін.

Ауылшаруашылық саласының дамуы-ауыл тұрғындардың өмір-сүру сапасының жақсаруына бастайды. Осы мақсатта инвестициялық жобаларын тартуға жұмысты бағыттаймын.

Бақанас ауылында мал бордақылау аланын ашуға ықпал етемін және азық -түлік бағасын төмендету мақсатында аудан орталығында ауылшаруашылық жәрменкесін ұйымдастыруға жұмыс атқарамын.

Сапалы білім алуға жағдай жасауға жұмыстарды бағыттаймын. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 89,1%-дан 100%-ға дейін дейін жеткізіледі. Әлеуметтік жағынан осал отбасы балаларына көмек көрсету (мектеп оқушыларын кеңсе тауарларымен, киім-кешекпен, аяқ киіммен, ыстық тамақпен қамтамасыз ету, мектеп оқушыларын, балабақшадағы тамақтануға 100% төлеу), сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер санатындағы  педагогикалық қызметкерлердің үлесін 52,7%-дан 60%-ға ұлғайту.

Аудандағы барлық мектептерді жаңа буын химия, биология, физика пән кабинеттерімен кезең-кезеңімен жабдықтау. 2027 жылы Бақанас мектеп-интернатының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне  ықпал етемін.

Мен Балқаш ауданы тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсарту бойынша алға қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға барамын.

Біз бірге алға қойған барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ
  • ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕЙРАМ
  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР