ҮМІТКЕР ӨНЕРБЕКОВ ЕРМЕК ЖАЙЛАУҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мен Өнербеков Ермек Жайлауұлы Балқаш ауданы, Бақбақты ауылында 1980 жылы дүниеге келдім.
Үш жоғары білімім бар. Орталық Азия университетін 2002 жылы аяқтап, Қазақ Ұлттық аграрлық университетін 2016 жылы, Қазақ Ұлттық аграрлы университетін 2019 жылдары аяқтадым.
Алғашқы еңбек жолымды 1998-1999 жылдар аралығында «СК Тұмар» ЖШС-де шебер маманы болып бастадым.
1999-2002 жылдар аралығында «СК Тұмар» ЖШС-де инженер-гидротехник, 2002-2008 жылдары «Тұмар» СК ЖШС-де бригадир, 2008-2010 жылдары «Еркін А» ЖШС-де агроном, сонымен қатар 2010-2013 жылдары «Еркін А» ЖШС директорының орынбасары болып қызметтер атқардым.
2013 жылдан қазіргі таңға дейін «Әлмес» ЖШС-нің директоры болып қызмет атқарып жүрмін.
«Үздік депутат» және «Алтын қыран» медальдарымен марапатталдым.
Отбасылымын, 5 баланың әкесімін.
Құрметті сайлаушылар!
Басты мақсатымыз – Әділетті Жаңа Қазақстанды құру жолында мен алдыма бірқатар міндеттер қойдым, олардың шешімін аудандық мәслихаттың депутаты ретіндегі қызметімде бағыттайтын боламын.
Балқаш ауданы бойынша Сайлауалды бағдарламасының жүзеге асыру аясында 2027 жылға дейін ауданңың елдімекендерінің сапалы газдандыруға үлес қосу. Осы бағытта мердігер ұйымдардың, пайдаланушы компания инспекторларының осы ауданның тұрғындарымен техникалық-шарттарды алу, халықтың әлеуметтік осал топтарына мемлекет тарапынан көрсетілетін түрлі жеңілдіктерді алуға үлес қосу.
Газ тарату жүйесіне қосу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бұл жеке секторды газдандыру мәселесі де бүгінгі таңда өзекті болып отырған ауданымыздың экологиялық мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар 2023 жылға дейін Бақанас ауылында қайырымдылық көмек көрсету, мүмкіндігі шектеулі қарт адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету салаларында волонтерлік қозғалысты дамыту және 1 топ құру; 2023 жылы Бақбақты ауылында қайырымдылық көмек көрсету, мүмкіндігі шектеулі қарт адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету салаларында волонтерлік қозғалысты дамыту және 1 топ құру;
Сондай-ақ жолдардың барлық түрлерін және олардағы қауіпсіздікті, көшелерді жарықтандыруды жақсарту;
2025 жылға дейін Бақбақты ауылындағы емдеу мекемелеріне күрделі жөндеу жұмыс-тарын жүргізу;
2023 жылы Бақанас ауылында 30 жалға берілетін тұрғын үй және инженерлік- коммуникациялық желілеріне құрылысын бастау;
Бақанас ауылында 35 жалға берілетін тұрғын үй құрылысын 2027 жылға дейін бас-тау;
Жоғарыда аталған барлық мәселелердің шешімін табу үшін және өз елімнің нағыз патриоты ретінде Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне «мүлдем» төзбеушілік атмосферасын құруға және оның деңгейін төмендетуге көмектесемін, халқымыздың бірлігі мен ынтымағын нығайтуға күш саламын.
Ауылшаруашылығын, шаруа қожалық-тарды, ауылшаруашылық тауар өндіруші кооперацияларды және ауылшаруашылық өнімдерін жан-жақты өңдеуді мемлекеттік қолдау тиімділігін арттыру.
Экология. Ауылды көгалдандыру, сани-тарлық тазалық жұмыстарын үнемі жүргізу.
Әлеуметтік қорғау. Мүгедектерге, зейнеткерлерге, ардагерлерге, тұрмысы төмен отбасыларға және көпбалалы аналарға үнемі көмек көрсетуді назарға аламын.