ҮМІТКЕР ДӘУІТБАЕВА БАҚЫТ МЕЙРАМБЕКҚЫЗЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мен Дәуітбаева Бақыт Мейрамбекқызы 1963 жылы Балқаш ауданы, Бақанас ауылында дүниеге келдім.
1970 жылы мектеп табалдырығын аттап, 1980 жылы орта мектепті аяқтадым. 1980-1982 жылдар аралығында Көкжиде ауылындағы «Қызыл-Ту» сегізжылдық мектебінде аға пионер вожатый болып қызмет атқардым.
1982-1986 жылдары аралығында Алматы қаласындағы Қазақ Қыздар Педагогикалық институтында оқып білім алдым. Онда маған музыка мамандығы бойынша «ән және музыка» квалификациялық біліктілік берілді.
1986-1987 оқу жылында Бақанас мектеп-интернатында музыка пәні мұғалімі қызметін атқардым.
1987-1988 оқу жылында Бақанас жетіжылдық балалар музыка мектебіне директорлық лауазымдық қызметке ауыс-тырылдым.
Ал, 1990-2013 жылға дейінгі аралықта Балқаш ауданы, Ақдала ауылында Ақдала орта мектебінде мұғалімдік қызмет атқардым.
2013-2014 оқу жылында Бақанас ауылындағы «Саз мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорының директоры лауазымдық қызметіне тағайындалдым. Бүгінгі күнге дейін аталған мекеменің директорлық қызметін атқарып келемін.
Отбасымда үш қыз, бір ұлым бар.
Құрметті сайлаушылар!
Басты мақсатымыз – Әділетті Жаңа Қазақстанды құру жолында мен алдыма бірқатар міндеттер қойдым, олардың шешімін аудандық мәслихаттың депутаты ретіндегі қызметімде бағыттайтын боламын.
Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге ықпал етемін;
Аудан көлеміндегі ауылдардың көше-лерін түңгі жарықпен қамтамасыз ету;
Дарынды ауыл балалары үшін барынша жағдай жасап, өнерлі жастарға қолдау көрсетіп, олардың білім алуына ықпал ету;
Дәстүрлі өнерге қолдау көрсетіп, жыршы-термеші және айтыс өнерін дамытуға ықпал ету;
Ауылымыздың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында барлық заңсыз күл- қокыстар орындарын жоюға жұмыс жасаймын.
2025 жылға Бақанас ауылының кәріз жүйесін реконструкция және жөндеуден өткізуге жұмыс атқарамын;
Жаңа жұмыс орының құру мақсатында 2023 жылдаң «Ботагоз» кафесінің ашылуына, күріш қауызын өндейтін зауыт «БиоКарбон» ЖШС-гін және «Інкәр» кафесінің ашылуына ықпал етемін.
Жыл сайын шағын және орта бизнес өкілдеріне қаржылай көмек көрсетуге жұмыс жүргіземін.
Жұмыссыз жүрген азаматтардың арнайы білім алуына көмек көрсетемін. Мектеп түлектерінің жеке тұлғасын әлеуметтендіруді, олардың заманауи қоғамдағы өмірге бейімделіп кетуін қамтамасыз ету қажет.
Білім беру жастарды еңбек нарығына даярлауға ғана келіп саймайды және олай болуға тиіс те емес. Мектептердің міндеті – жастарды қоғамда өмір сүруге даярлау, оларға әлеуметтік тәжірибе беру, алдыңғы өткен ұрпақтың рухани және мәдени мұрасын қалдыру, Тәуелсіз Қазақстанның жас патриоттарын тәрбиелеу.
Мен ауданның патриоты ретінде жоғарыда айтылған мәселелердің шешімін табуына өз үлесімді қосатын боламын.