БАЛҚАШ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА №2 БІРМАНДАТТЫҚ САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША

Оксикбаев.jpg

ҮМІТКЕР ӨКСІКБАЕВ БАҚЫТЖАН НҰРТАЙҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен Өксікбаев Бақытжан  Нұртайұлы Балқаш ауданы, Бақанас ауылында 1968 жылы дүниеге келдім.

Жоғары екі білімім бар. 1995 жылы Қазақ  денешынық-тыру институтын оқытушы, жаттықтырушы мамандығымен, ал 2012 жылы Д.Қонаев атындағы университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдадым.

Еңбек жолымды 1985 жылы «Ақкөл» кеңшарында қолөнерші болып бастадым. 1988-1989 жж. «Ақкөл» ет совхозының құрылыс алаңында жұмысшы болдым. 1989-2003 жж. Ақкөл ауылында денешынықтыру пәнінің мұғалімі, ал 2003-2013 жж. Ақкөл орта мектебінің директоры болып тағайындалдым. 2013-2016 жж. Ақкөл ауылдық округінің әкімі қызметін атқардым. 2016 жылдан қазірге дейін Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінің директоры болып қызмет атқарамын.

Отбасылымын, үш баланың әкесімін.                                      

Құрметті жерлестер!

Басты мақсатым – Әділетті Жаңа Қазақстан қоғамын құру жолында мен алдыма бірқатар міндеттер қойып отырмын: 

1. Балқаш ауданы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасының жүзеге асыру аясында  2027 жылға дейін ауданның елдімекендерін сапалы газбен қамтамасыз етуге үлес қосу. Осы бағытта мердігер ұйымдардың, пайдаланушы компания инспекторларының осы ауданның тұрғындарымен техникалық шарттарды алу, халықтың әлеуметтік осал топтарына мемлекет тарапынан көрсетілетін түрлі жеңілдіктерді алу мәселелерін түсіндіру. Газ тарату жүйесіне қосу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бұл жеке секторды газдандыру мәселесі де бүгінгі таңда өзекті болып отырған ауданымыздың экологиялық мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

2. 2023 жылы Бақбақты ауылына қайырымдылық көмек көрсету, мүмкіндігі шектеулі қарт адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету салаларында волонтерлік қозғалысты дамыту және 1 топ құру;

3. 2025 жылға дейін емдеу мекемелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;

4. Жолдардың барлық түрлерін және олардағы қауіпсіздікті, көшелерді жарықтандыруды жақсарту;

5.Бақбақты ауылында адам өмірін қамтамасыз етуге арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне медициналық нысанға және балабақша, мектепті жөндеуден өткізу, спорт нысанын болмауына байланысты (стадион) салу, ішкі көшелерін орташа жөндеуден өткізу, демалыс орындары, сауда нүктелерін қоғамдық тамақтандыру объектілері, қызмет көрсету кәсіпорындарын  және басқа да көптеген мәселелерді қолға алу.

6. 2024 жылға дейін Бақбақты ауылында ИКС 10 жалға берілетін тұрғын үй құрылысын бастау;

7. 2024 жылға дейін Бақбақты ауылында бір көшені орташа жөңдеуден өткізу;

8. 2023 жылы әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілерін бейімдеу.

9. 2023 жылы Бақбақты ауылында өрт сөндіру бекеттерін құру.

Жоғарыда аталған барлық мәселелердің шешімін Балқаш ауданын дамыту жоспарын одан әрі жүзеге асыру мен әзірлеуден көремін.

Өзімнің кіндік қаным тамған өлкенің әр шегесінің дұрыс қағылуын жан-жүрегіммен қалайтын азаматтардың бірімін. Өйткені «Ауылына қарап-азаматын таны» деген қанатты сөз менің басты темірқазығым.        


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді
  • Как казахстанцы прожили 2025 год, и чем он запомнился
  • 350 тыс. человек получили доступ в 95 населенных пунктах к газу за прошедший год: итоги работы Прави
  • Өткен жылы 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілді: Үкіметтің энергетика саласындағы ж
  • Реализация поручений Президента: в Казахстане запущены три новых газовых месторождения в 2025 году