БАЛҚАШ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА №1 БІРМАНДАТТЫҚ САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША

Жандос.jpeg

ҮМІТКЕР ӘБДІЖАППАРОВ ЖАНДОСТЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен Әбдіжаппаров Жандос Балқаш ауданы, Бірлік ауылында 1991 жылы  дүниеге келдім.  1997 жылы Бірлік орта мектебінің табалдырығын аттап, аталмыш білім шаңырағын 2008 жылы бітірдім. 2008-2012 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдадым.

2012-2015 жылдар аралығында Агрофирма Бірлік ЖШС-де әртүрлі салада жұмыс істеп, 2015 жылы Бірлік АЖА ЖШС-ін құрып, оның директоры болдым. 2018 жылы Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, осы жылы «Ауыл шаруашылық саласының үздігі» төс-белгісімен марапатталдым. Ал 2020 жылы «Асыл жүрек», 2021 жылы «Халық алғысы» төсбелгілерімен, сондай-ақ Асыл жүрек, Халықаралық үздік волонтер номинациясы, ең мейірімді бизнесмен және 2022 жыл «Үздік депутат» төсбелгісі марапаттарын иелендім.

Отбасылымын, 2 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отырмын.

Құрметті сайлаушылар

«Ауыл» партиясы еліміздің жоғарғы Заң шығарушы органында өз сайлаушыларының мүделерін қорғай отырып, ауылдық аумақтар мен аграрлық салаға қатысты заңнамалық актілердің қоғамға енуіне жұмыс жасауды  көздейді.

Мен өзімнің сайлауалды бағдарламам бойынша аудан көлеміндегі ауылшаруашылық саласын дамытуға және мал тұқымын асылдандыруға, мемлекет тарапынан беріле-тін жеңілдетілген иесие түрлерін мал шаруашылығымен тұрақты түрде айналысатын шаруашылықтардың қолжеткізуіне ықпал етемін.

Білім беру саласындағы проблемаларды шешу мемлекеттік басым міндеттердің бірі ретінде саналады. Алайда оқыту бағдарламасына жаңа пәндерді енгізу, оқыту мерзімін, оқу сағатының санын ұлғайту есебінен жалпы білім беру үдерісінің мазмұнын жаңғыртуға деген жүйесіз талпыныстар оқушыларға шамадан тыс ауыртпалық әкеліп, олардың денсаулығының нашарлауына әкеп соқтыруда.

Оқушылардың заманауи құқықтық, психо-логиялық, экономикалық және экологиялық мәдениетін қалыптастырудың зор маңызын атап өткен жөн.

Сонымен қатар аудан көлеміндегі  ауыл көшелерін жарықтандыру, Бірлік ауылындағы Бірлік орта мектебіне және Миялы ауылындағы Қарағаш орта мектебіне ІТ кабинеттерін орнатуға, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге ықпал етемін.

Ауыл бәріміздің алтын -бесігіміз. Ауданымыз ауыл шаруашылығы саласымен айналысқандықтан мал өсірушілер мен егін егушілерге қолдау көрсету менің басты міндетім деп санаймын.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы тұрғындардың несиеге қол жет-кізуіне жәрдемдесу, сондай-ақ «Іскер», «Агробизнес», «Кең дала» мемлекеттік бағдарламалардың игілігін аудан халқының көруіне мұрындық болар едім.

Партиямыздың атауы айтып тұрғандай біз әрдайым ауыл халқымен біргеміз. Олардың мұң-мұқтаждары біздің кө-кейімізде сайрап жатыр. Сондықтанда ауыл халқының тағдырына бей-жай қарай алмаймын.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр