ҮМІТКЕР ДІНСІЛӘМ ҚУАНЫШ ӘЛІМЖАНҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мен Дінсіләм Қуаныш Әлімжанұлы Балқаш ауданы, Бірлік ауылында 1992 жылы дүниеге келдім.
Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін 2013 жылы гидротехник мамандығын бойынша тәмамдадым.
Еңбек жолымды 2013 жылы «Агрофирма Бірлік» ЖШС-де инженер-гидротехник болып бастадым. Осы жерде 2022 жылға дейін еңбекте шындалдым.
2023 жылдан қазіргі таңға дейін Суару желілерін басқару, гидротехникалық құрылыс маманы ретінде жұмыс атқарудамын.
Отбасылымын, 1 баланың әкесімін.
Алдыма қойған мақсат - мұраттарым жетерлік. Оны іске асыру уақыттың еншісінде екенін жақсы білемін. Уақыт атты құдірет оны көрсете жатар.
Құрметті сайлаушылар!
Әділетті Жаңа Қазақстанды құру жолында мен алдыма бірқатар міндеттер қойдым. Атап айтсам:
1. Аудан бойынша ауданның елді-мекендерін сапалы газдандыруға үлес қосамын;
2. 2024 жылға дейін Миялы ауылында мүмкіндігі шектеулі қарт адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету салаларында волонтерлік қозғалысты дамытуға ықпал етемін;
3. Ауыл көшелеріне жарықтандыруды қосуға;
4. 2024 жылға дейін инвестициялық жобаларды жүзеге асыру (балық өсіру Бірлік ауылы, «Агрофирма Бірлік» ЖШС, Бірлік ауылында 200 бас ірі қара мал бордақылау алаңын, «Бригантина» ШҚ);
5. 2023 жылға дейін Бірлік ауылы Бірлік орта мектебіне ІТ кабинетін орнату;
6. 2024 жылға дейін Миялы ауылы Миялы орта мектебіне ІТ кабинетін орнату;
7. Миялы ауылына 2025 жылға дейін медициналық мекемелердің құрылысын бастау;
8. 2026 жылға дейін Бірлік ауылындағы мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;
9. 2025 жылға дейін Бірлік ауылында су құбыры желілерін салу және қайта жаңартуға ықпал етемін.
Жоғарыда аталған барлық мәселелердің шешімін Балқаш ауданын дамыту жоспарын одан әрі жүзеге асырумен әзірлеуден қарастырамын.
Мен де өз елімнің нағыз патриоты ретінде Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «мүлдем» төзбеушілік атмосферасын құруға және оның деңгейін төмендетуге көмектесемін, халқымыздың бірлігі мен ынтымағын нығайтуға күш саламын.
Мен Балқаш ауданы тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсарту бойынша алға қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға барамын.
Біз бірге алға қойған барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін. Күшті мемлекет құрамыз!