АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА № 1 БІРМАНДАТТЫҚ САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША

    Закарин Н.С..jpeg    

    үміткер ЗАКАРИН НҰРЛАН СЕРІКБАЙұлының сайлауалды бағдарламасы

Мен Закарин Нұрлан Серікбайұлы  Балқаш ауданы, Бақбақты ауылында 1982 жылы дүниеге келдім. Бақбақты ауылдық округіне қарасты №1 Жамбыл атындағы орта мектебінің табалдырығын аттап, аталмыш білім ошағын 2000 жылы бітірдім.

2001 жылы Алматы қаласындағы «Қайнар» универ-ситетінің филология факультетіне оқуға түстім. 2005 жылы  аталмыш жоғарғы оқу орнын тәмамдадым.

Отбасылымын, 4 баланың әкесімін.

Өзім төрт жыл ауылдық әкімшілікте жастар саясатын басқардым. Қазіргі уақытта №1 Жамбыл атындағы орта мектебінде педагог-ұйымдастырушы қызметін атқарамын.                Мақсатым – шәкірт тәрбиелеуде барынша сапалы білім беріп, болашақ ел қамын ойлайтын мықты патриот азаматтар мен азаматшалар қалыптастырып шығару.

Осы өңірде туып-өскендіктен ауыл тұрғындарының басты мәселелерімен толыққанды таныспын деп айта аламын. Әсіресе ауданымыз ауыл шаруашылығы саласымен түбегейлі айналысқандықтан ең бірінші кезекте ауыл еңбеккерлерінің жағдайларына баса мән беретін боламын.

Құрметті сайлаушылар!

Мен осынау бақ дарыған Балқаш өңірінің   білікті маманы ретінде өңіріміздің саяси-экономикалық және мәдени өміріне осыған дейін бар күш-жігерім мен білімімді, қабілетімді жұмсадым.

Тәуелсіз еліміздің даму тарихындағы алдағы аса маңызды саяси науқанға  осы уақытқа дейінгі қоғам өміріне белсенді араласқан іс-тәжірибемді, бар күш-жігерім мен білімімді, қабілетімді арнауды жөн көрдім. Яғни Конституциялық құқығымды пайдаланып, «АMANAT» партиясы атынан облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткер болуға  шешім қабылдадым.

                                                                                                         Қадірменді сайлаушылар!

 Мемлекет басшысының қазіргі саясатын қолдап, оны жүзеге асыруды өз мүмкіншілік шеңберінде азаматтық парыз ретінде қабылдап, сайлауалды бағдарламамды орындауда келесідей шаралардың орындалуын мақсат етіп отырмын:

• 2023-2027 жылдарға арналған «AMANAT» партиясының Алматы облысы бойынша сайлауалды бағдарламасы іс-шаралар жоспарының облыс көлемінде орындалуына депутаттық бақылауды жүргізу. Нақтырақ айтқанда:

•   «АУЫЛ АМАНАТЫ» пилоттық жобасы аясында жобаны қаржыландыру;

•  «ЖЕР АМАНАТЫ» партиялық жобасы аясында өңірлердегі жайылымдық жерді халық игілігіне қайтару;

• Облыс тұрғындарын тасымалдайтын жаңа автобуспен қамтамасыз ету;

• Қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарын 95 пайызға жеткізу;

• Елдімекенді таза 100 % ауыз сумен қамтамасыз ету, өңіріміздегі газ тарату жұмыстарының сапалы орындалуын жіті қадағалап, қолданысқа уақытылы беру;

• Депутаттық құзыреттілігі шеңберінде Алматы өңірінің экологиясын жақсарту, Балқаш су арналарының түбін тазарту, кеңейту жұмыстарының жайын ұдайы назарда ұстау;

• Жұмыспен қамту, жұмыссыздықты азайту мен оған қарсы күрес шеңберіндегі мемлекеттік саясаттың іске асуына үлес қосу;

• Тоқсан сайын сайлаушылармен кездесіп, депутаттық қызметім туралы толық ақпарат беруге, тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдауға, олардың көтерген мәселелерін, ұсыныстары мен ой-пікірлерін жергілікті атқарушы билікке жеткізуге, мемлекеттік органдардың жауапты тұлғаларына депутаттық сауал жолдау арқылы шешуге күш салып отыратын боламын.

• Сіздерге орындалмайтын уәделер беруден аулақпын, бірақ, осы округтегі қордаланған проблемаларды шешуге барлық күш-жігерімді, білімім мен ұйым-дастырушылық қарым-қабілетімді жұм-сайтын боламын.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Реализация экологической политики в Алматинской области
  • Алматы облысында экологиялық саясаттың іске асырылуы
  • ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады