АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА №1 БІРМАНДАТТЫҚ САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША

Ерболат.jpg

Path: body > p > strong > span > img
3543 characters entered,6457 left.

үміткер Құсайынов Ерболат Мүсілімханұлының сайлауалды бағдарламасы

Мен Құсайынов Ерболат Мүсілімханұлы Балқаш ауданы, Қарой ауылында 1973 жылы дүниеге келдім.

Қазақ ауыл шаруашылығы институтын инженер-электрик мамандығы бойынша бітірдім.

Алғашқы еңбек жолымды 1995 жылы «Бірлік» АҚ – бас энергетик қызметінен бастадым. 1997-1999 жылдары аралығында Балқаш ауданы, Бақанас ауылында АПК «БЭТА» – инженерлік қызметін атқардым. Кейіннен Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылына ауысып, АПК «ЖЭТА» – метрология шебері қызметінде 1999 жылдан 2004 жылға дейінгі аралықта жұмыс атқардым. 2004-2010 жылдары Балқаш ауданы, Бақанас ауылы АПК «БЭТА» мекемесінде – желілерді тарату шебері ретінде қызмет еттім. 2010-2018 жылдары АПК «БЭТА» мекемесінде – аудан диспетчері қызметін атқардым. Ал 2018-2020 жылдары Балқаш ауданы, Бақанас ауылы АПК «БЭТА» мекемесінде – бас инженер болып қызмет еттім. 2020-2021 жылдар аралығында Алматы қаласындағы «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС – бас энергетигі болып қызмет атқардым. 2022 жылдан бері  Балқаш ауданы, Бірлік ауылында жеке кәсіпкерлікпен айналысып жатырмын.

Мен «AMANAT» партиясының мүшесімін.

Отбасылымын, 3 баланың әкесімін.

Мен өз елімнің нағыз патриоты ретінде Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «мүлдем» төзбеушілік атмосферасын құруға және оның деңгейін төмендетуге көмектесемін, халқымыздың бірлігі мен ынтымағын нығайтуға бар күшімді саламын.

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Алматы облысы тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсарту бойынша алға қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға барамын.

Ең басты мақсатым – халықтың аманатын, өзекті мәселелерін шешуге белсене атсалысу және сайлаушыларымның сенімін ақтау. Біз Бірге алға қойған барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін! 

Алдағы сайлауда маған Сіздердің қолдауларыңыз болған жағдайда өзіме жүктелетін барлық жауапкершілікті түсінемін. Облыс аумағындағы әлеуметтік мәселелерді шешу үшін бар күш-жігерімді салуға және осы уақытқа дейінгі жинақталған барлық жұмыс тәжірибелерім мен білімімді қолдануға дайынмын.

   Егер Сіздер маған сенім білдіріп, менің кандидатурама дауыс берсеңіздер, еліміз үшін аянбай қызмет ететін боламын. Бағдарламам:

   - электр желілері мен жабдықтарын жөндеу және қайта құру;

 - көше жарықтандыру желілері мен жабдықтарын жаңарту;

  - округтерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын жандандыру, автожолдарды жөндеу;

   - халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;

   - арық және кәріз тазарту желілері мен құрылыстарын жөндеу және қайта құру;

   - тұрмыстық қалдықтарды жүйелі түрде шығару мәселесін шешу;

  - облыстың мектептері мен медициналық мекемелерінде материалдық-техникалық базаны нығайту, оқу орындарында білім беру сапасын жақсартуға және медициналық қызмет көрсетуге жәрдемдесу;

  - аумақты дамыту, азаматтардың тұру сапасын арттыру мақсатында облыс кәсіпорындарымен ынтымақтастық;

 - халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету;

  - кәсіпкерлік бастамаларды көтермелеу, шағын және орта бизнесті қолдау, қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін және аудандарда экономиканы көтеруге ық-пал ететін инвестициялық жобаларды тарту.

   - мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде азаматтарға, әсіресе жастарға жұмысқа орналасуға және оқуға жәрдемдесу;

 - бұқаралық спорт түрін дамытуды қамтамасыз ету, жастардың бастамалары мен жобаларын қолдау;

  - қоғамдық-мәдени маңызы бар жерлерді абаттандыру, спорт нысандарын салу.

    Халықтың қолдауымен батыл қадам жасап, ертеңгі өскелең ұрпаққа пайдамыз тиетіндей, алдыма қойған мақсаттарыма жетуге дайынмын.

 

Қуаныш 50 лет.jpg 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «ҚЫС - 2024» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ - ШТАБТЫҚ ОҚУ - ЖАТТЫҒУ ӘЗІРЛІГІ ЗЕРДЕЛЕНДІ
  • Реализация экологической политики в Алматинской области
  • Алматы облысында экологиялық саясаттың іске асырылуы
  • ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
  • Татулық – тұрақтылық негізі