ҮШ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

 91a2e2eb-8697-4182-8de1-30a996a52c9d.jpg

Осы аптаның сейсенбісі күні аудан әкімі Тоқпейісов Ғалым Қасымұлы Топар, Желтораңғы және Ақжар ауылдық округтеріне арнайы барып, белгіленген кестеге сәйкес жергілікті халықпен кездесу жиындар өткізді.

 

Сонымен қатар бұл кездесулерге аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев, аудан прокуроры Айдын Раев, аудан әкімінің орынбасары Азат Құтпанбетов, аудан әкімі аппаратының басшысы Қанат Ақылбеков, сондай-ақ бірқатар мекеме-ұйымдардың басшылары сапарлас болды.

Аудан басшысы кездесу жиындар барысында аудан көлемінде 2022 жылы атқарылған жұмыстырға баса тоқталып, алдағы уақытта жоспарлы жұмыстар жайында қысқаша баяндамасын жасады. 

Топар ауылдық округінде өткен жиында ауыл тұрғындары ауылдың тыныс-тіршілігі жайында өз ойларын ортаға салып, Б.Момышұлы көшесіне тас жол төселсе және И.Түркіменов, А. Аманқұлов көшелеріне түңгі жарық орнатылса деген ұсыныстарын іркіп қалмады.

Желтораңғы ауылында өткен кездесу жиында ауыл тұрғындары Бірлік көшесіне ауызсу құбыры жүргізілсе, Іле өзенінің тармағы Ақөзек арнасына қазу жұмыстарын жасаса және жол бойына тиісті жол белгілері қойылса деген ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Мұнан соң кездесу жиын Ақжар ауылдық округінде өз жалғасын тапты. Жиын барысында ауыл тұрғындар тарапынан  Аралтөбе ауылындағы Бірлік көшесіне түңгі жарық орнатылса деген ұсыныс айтылды.  

 Аудан әкімі Ғалым Қасымұлы өзінің іссапар барысында жергілікті тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелерді назарға алып, барлық айтылған ұсыныс-пікірлердің шешілу жолдары қарастырылып, олардың дер кезінде орындалуын өз бақылауына алатынын айтты. 

Ауыл тұрғындары да аудан басшысының арнайы келіп, кездесу жиын өткізгеніне ризашылықтарын білдіріп, аудан көлемінде атқарып жатқан жұмыстарға оң бағаларын берді.

 

Бәріміздің Алтын бесік саналатын ауылымыз гүлдене берсе, Тәуелсіз мемлекетіміз  дамудың даңғыл жолында қарыштап қадам басары хақ. Әрбір азамат өзінің кіндік қаны тамып, тал бесігі тербелген туған жерінің көркеюіне атсалысып, бір кірпіш болса да ауылға қалана берсе деген тілектеміз. 

                                  

Бақтығали МЕЙРАМБЕКҰЛЫ, «Балқаш өңірі».


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «ҚЫС - 2024» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ - ШТАБТЫҚ ОҚУ - ЖАТТЫҒУ ӘЗІРЛІГІ ЗЕРДЕЛЕНДІ
  • Реализация экологической политики в Алматинской области
  • Алматы облысында экологиялық саясаттың іске асырылуы
  • ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
  • Татулық – тұрақтылық негізі