СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕГІ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ

Күннің  күрт жылуынан қардың  еруі, жауын- шашын, суды желмен айдаған және мұздың кептелуі кезінде өзеңдердегі, көлдердегі су деңгейінің көтерілуі су тасқынына алып келуі мүмкін.

Осыған  байланысты су арқылы қаңдай  жұқпалы  және жұқпалы емес аурулар  беріледі деген сұрақ көпшілік мазалайтыны рас.

Су тасқыны кезінде жұқпалы ауруларды тудыратын қолайсыз эпидемиологиялық жағдайлар өршуі мүмкін.

Су жолымен: гепатиттер, тырысқақ, іш сүзегі, паратифтер, дизентерия, сальмонеллез сияқты аурулар беріледі.

Су  арқылы берілетін  вирустық аурулардың  ішінде ішек вирустарының тобы, оның ішінде энтеровирустар, гепатит «А» және басқалары жиі кездеседі.

Өзендерден, таяз  көлдерден су асып төгілген кезде  жаңбыр суларымен араласқан еріген сулар пайда болады, бұл құдықтар мен ұңғымалардағы судың қоқыс  шұңқырларынан, шаруашылық ауруларынан, дәретханалардан жаппай ластануына әкеледі.

Бұл жағдайда құбырлы құдық суын  немесе  ашық су айдынынан  ауыз суды пайдаланатындарға  қауіпті!

Ауыз су  үшін құдық қазған кезде, жергілікті септик, монша, дәретхана сияқты құрылғылардан кем дегенде 25 метр қашықтықта болуына аса мән беріңіз.

Құбырлы құдық суын пайдаланатындардың есіне:

Су тасқыны кезінде түрлі аурулардың алдын алу үшін  тұрғындардың келесі қарапайым және тиімді қағидаларды сақтауды қажеттігін еске саламыз:

1) Ішуге тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану, 2) Азық- түлікті сақтау және дайындау қағидаларын сақтау, 3) Тамаққа термиялық өңдеуден  өткен азық-түлік өнімдерін қолдану, 4) Жеке гигиена қағидаларын сақтау, оның ішінде жас балаларға күтім жасау кезінде, 5) Көкөністер мен жемістерді мұқият жуу, 6) Тұрғын  үй-жайларды және үйдің жанындағы аумақты таза ұстау;

Жіті инфекциялық аурудың белгілері: дене қызуының көтерілуі, құсу, іштің  өтуі және т.б. пайда болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгініңіз!

Гигиеналық  қағидаларды сақтау Сіздерді көптеген аурулардан қорғайды!

 

Ғалия ӘЛІПБАЕВА, аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы.    


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ БІЛІМ САЛАСЫНДА
  • АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІН ОРТАҒА САЛДЫ
  • Алматы облысында экотуризм дамуда
  • «ҚЫС - 2024» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ - ШТАБТЫҚ ОҚУ - ЖАТТЫҒУ ӘЗІРЛІГІ ЗЕРДЕЛЕНДІ
  • Реализация экологической политики в Алматинской области