Қазақстан Республика-сының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығы негізінде облыс әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев осы аптаның сәрсенбісі күні ауданымызға арнайы келіп, аудан орталығындағы Мәдениет үйінде жергілікті халықпен кездесу жиынын өткізіп, тұрғындардың ұсыныс-пікірлеріне назар аударды.
Жиын барысында аудан әкімі Ғалым Тоқпейісов өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен өткен жыл-ға атқарылған жұмыстарға баса тоқталып, биылғы жылға жоспар-ланған жұмыстарды баяндады.
Мұнан соң мінбе төріне көтерілген облыс басшысы Марат Елеусізұлы облыс көлеміндегі атқарылған бірқатар жұмыстарды тілге тиек етіп, осыдан 7 ай бұрын аудан халқымен осындай есептік кездесуді өкізілгенін, осы уақыт бедерінде облыс пен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жақсы нәтижелерге негізделгенін және өткен жылдың қорытындысына қысқаша тоқталып, жалпы экономиканың барлық салаларында оң динамика сақталғанын айтып өтті.
Облыс басшысы өз сөзін-де «Ауданда ауыл шаруа-шылығының негізі күріш егу болып табылады, оның егістігі барлық егіс алқабының 23 пайызын құрайды. Алайда олардың егістігі мен өнімділігі жыл сайын азаюда және 2014 жылмен салыстырғанда 30 пайыздан төмендеді. Мұнда судың азаюына байланысты топырақтың тұздануы маңызды мәселе болып тұр. Осыған орай заманауи технологияларды және тиімді ауыспалы егістікті қолдану арқылы күріш алқаптарын оның өнімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдауды, өңдеу зауыттарының толық жүктемесін қамтамасыз етуді тапсырамын» – деп, тағы да бірқатар маңызды мәселелерді әңгіме өзегіне айналдырып, аграрлы ауданымыздың егін және мал шаруашылықтарының өркен-деуі үшін ауданға қарасты шаруашылықтардың мемлекет тарапынан жеңілдетіліп беріліп жатқан несиелер мен субсидияларды тиімді пайдалану жөнінде өз ойын ортаға салды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамалар тыңдал-ғаннан кейін аудан тұрғындар тарапынан көкейтесті сұрақтар мен жауаптарға кезек берілді. Ауданның тыныс-тіршілігі жайында өзекті мәселелерді ортаға салған аудан тұрғындар арасынан Қарағаш орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Талдыбай Мейірманов Қарағаш орта мектебі 1967 жылы салынған. Білім шаңырағына осы уақытқа дейін ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілмегенін айтып, мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жасау үшін қаражат бөлінсе және Миялы ауылындағы спорт кешеніне де күрделі жөндеу жүргізілсе деген ұсыныс-пікірін жеткізді.
Келесі кезекте сөз алған Ақжар ауылдық округіне қарасты Аралтөбе ауылының тұрғыны Зора Мамекебаева Аралтөбе ауылындағы кірме жолдың тозығы жеткенін айтып, жолға қажетті жөндеу жұмыс жасалса деген ауыл тұрғындарының тілеген жеткізсе, Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінің арнайы пән оқытушысы Алмат Дауылбаев аудан орталығындағы Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінің жатақханасы мен оқу шеберханасына күрделі жөндеу және абаттандыру жұмыстарын жүргізуге қажетті қаражат бөлінеме деген сұрағын қойды.
Сондай-ақ бірқатар аудан тұрғындары сөз кезегін алып, ауданның тыныс-тіршілігі жайында өзекті мәселелерді ортаға салып, мал ұрлығы, қысқы мал азығы мен көмір бағасы, үй кезегі, аурухана, балабақша және өздерінің жеке мәселелері бойынша да ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Жиынды қорытындылаған облыс әкімі ел бірлігі сақталған өңірдің қашанда тасы өрге домалайтынын тілге тиек етіп, кездесу барысында көтерілген мәселелердің дер кезінде шешу жолдарын қарастырып, көтеріл-ген барлық мәселелер бойынша тиісті сала мамандарына тапсырмалар жүктеді.
Кездесу жиын аяқталғаннан кейін Марат Елеусізұлы бірқатар аудан тұрғындарын жеке мәселе-лері бойынша қабылдап, олардың ұсыныс-пікірлерін, арыз-шағым-дарын тыңдады.
Қыдыр дарып, бақ қонған киелі өңірде атқарылып жат-қан ауқымды жұмыстардың оң шешімін тауып жатқаны осы өңірдің тұрғындарының несібесі.
Тың далаға түрен салып, ақ маржанды қызыл құмнан күреп алған киелі өңірдің тынысы еш уақытта тарылмайды деп білеміз.
Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».