«Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай! Мына адамдар неге жатыр тойламай?!» деп артына өшпес жыр қалдырған Мұқағали Мақатаев қазақ поэзиясының қара нары, «Хантәңірінің мұзбалағы» атанды. Ол Тәңірдің берген жарты ғасырға жуық ғұмырында мыңнан астам өлең мен поэма, повестерді дүниеге әкелген өнер иесі. Өзінің қысқа ғұмырында сан ғасырға жетерлік рухани қазына қалдырған. Ақиық ақынның шығармалары жүрекке өте жақын, тілге жеңіл, оқуға да ыңғайлы, мазмұны да мағыналы. Ақынның қаламынан туындаған жырлары
халқының жүрегінде мәңгі сақталары һақ.
9-ақпан халқымыздың мақ-танышына айналған, қазақ поэзиясында ойып тұрып орын алған Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Хантәңірдің мұзбалағы атанып, поэзия көгінде еркін самғаған ақиық ақынның туған күніне орай жыл сайын дәстүрлі түрде республика көлемінде түрлі мәдени іс-шаралар өткізіледі. Бұл үрдіс биылда өз жалғасын табуда.
Осы аптада аудандық Мәде-ниет үйінде халық жүрегінен орын алған ақынның шы-ғармаларын халыққа насихаттау мақсатында аудан өнерпаздары арасында ән байқауы өткізілді.
Мәдени шарада аудан өнер-паздары ақынның өлеңдеріне жазылған әндерді орындап, өзара сынға түсті. Сахна төрінде өнер көрсеткен өнерпаздар бір-біріне дес бермей, дауыс ырғақтары мен ән айту шеберліктерімен ерекшеленіп, мәдени шараның көрігін қыздыра түсті.
Өнер сайысын қорытындылай келгенде, Көктал ауылының өнерпаздары Талант Төлеубек пен Абзал Нұрхамитов өзгелерден дараланып, байқаудың Бас жүлдесін жеңіп алса, І-ші орын қаройлық Нұрғазы Сұлтанға бұйырды. Ал ІІ-ші орынға Ақжар ауылының әншісі Сымбат Серікқали қол жеткізсе, жүлделі ІІІ-ші орынды Ақдала ауылының намысын қорғаған Айбол Жолдас пен Фариза Қайымова және Миялы ауылының әншісі Гүлмира Рахимовалар қанағат тұтты. Сонымен қатар байқауға қатысып, өнер көрсеткен Береке ауылының өнерпазы Бақтияр Ноғайбаев пен қаройлық әнші Қайрат Алин Алғыс хатпен марапатталды.
Марапаттау барысында аудан-дық Мәдениет үйінің директоры Фархат Жылгелдиев байқауда жүлделі болған өнерпаздарды құттықтап, сайыста ерекше өнер көрсетіп, Бас жүлде және І-ші орынды жеңіп алған өнерпаздар облыстық байқауға жолдама алғандығы жөнінде хабарлады.
Олай болса облыстық байқауда аудан намысын қорғап, сынға түсетін өнерпаздарға қолдау көрсетіп, олардың жүлдемен оралуларына тілектес болайық, ағайын!
Күмісбек ЕРБАЕВ, Балқаш ауданы.