«МАРАТ» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫ КҮРІШТЕН МОЛ ӨНІм АЛУДА

 

 6e1c3da1-1acc-4cfa-992b-5634acfdf2df.jpg

Аграрлы ауданымыздың негізгі саласының бірі-егін шаруашылығы болғандықтан өңірімізде күріш ору жұмыстары дер кезінде басталып, дала төсі дүбірге бөленіп, қызу еңбек қарқын алып жатыр.

Ақ күріш  өңіріміздің басты байлығы болғандықтан осы тұрғыда аудан диқаншылары жаз бойы күтіп-баптаған ақ маржанды төкпей-шашпай жинап, уақтылы қамбаға құйып алудың қамына білек сыбана кірісіп кеткелі де біраз күндердің жүзі болды. Мол өнімді төкпей-шашпай  жинауда бар күштерін жұмсап жатқан шаруашылықтардың бүгінгі ең-бектері елеуге әбден лайықты

Жалпы айтқанда биылғы жылы аудан бойынша 6800 гектар суармалы жерге күріш дақылы себілген болатын. Аталған егіс көлемінің бүгінгі таңда 5459 гектары шабылса, 4400 гектары бастырылды.

Дала төсін дүбірге бөлеп, еңбектің қарақазанын қайнатып жатқан аудан диқаншыларының мән-жайын көзбен көру мақса-тында осы аптаның дүйсенбісі күні аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Дәрібаев, аудандық ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Ғалым Нарбаевпен бірге аудан іргесінде орналасқан, аудан бойынша алдыңғы қатардағы шаруашылықтардың бірі «Марат» шаруа қожалығының егіс алқабына арнайы барып қайттық.

Аталмыш шаруашылыққа атбасын бұрғанымызда егіс алқабында «Марат» ШҚ-ның бригадирі Нұркен Пұшанов, осы шаруашылықтың механизаторлары-Дархан Шыбықбаев, Ғалым Қоржынбаев, Ержан Мәдіғұлов және Серікболсын Сабырхан еңбектің көрігін қыздырып, күріш орағының қарқынын жеделдетіп жатыр екен. Диқаншылардың егіс алқабында атқаратын жұмыстары шаш-етектен болса да бізді көріп тізгіндерін тежеп, сәл аялдады.

Ерте тұрып кеш жатып, егін орағын ысырапсыз жинауды мақсат тұтқан диқаншылармен сұхбаттасқанымызда шаруашы-лықтың бригадирі Нұркен Пұшанов өз сөзінде былай деді: 

-«Биыл күріш тұқымын жаңалау мақсатында Қызылорда өңірінен   20 тонна «Янтарь» атты күріш тұқымын сатып алдық. Жаңа күріш тұқымын 120 гектар жерге сіңіріп, бүгінде сол ақ маржан егілген егіс алқабының соңғы гектарын шауып жатырмыз. Бұйыртса күріштің әр гектарынан 52 центнерден өнім аламыз. Осындай мол өнім алуымыздың себебі, біріншіден жаңа тұқымның нәтижесі болса, екіншіден биылғы ауа райының күрішке қолайлы болғандығы деп білемін. Өйткені жаз айла-рындағы аптап ыстық күндер күріш дақылының әбден өсіп-жетілуіне мол әсерін тигізді. Ал өздеріңіз білетіндей күріш суды да,  ыстықты да жаны сүйетін дәнді дақыл.

 Осы шаруашылық құрылғалы биыл жетінші жыл. Үнемі шаруашылық басшысының ақыл-кеңестеріне  құлақ түріп, ауыспалы егіс алқабын дұрыс қолданып, ұжымдастармен бірге  барлық жұмыс жүйелерін жыл басында жоспарлап аламыз.

Бұдан бөлек 220 гектарға бидай дақылын егіп, алтын дәннің әр гектарынан 19 центнерден өнім алдық. Ал 360 гектар жерге егілген көпжылдық шөптен 12 000 рулон бастырып,  қысқы мал азығы дайындалды. Енді бұйыртса күріш сабағынан 2000 рулон бастыруды жоспарлап отырмыз» деп өз сөзін түйіндеді.

Күріш алқабынан бір байқа-ғанымыз, күріш орағына төрт комбайн, астық тасмалдауға екі «КАМАЗ» көліктері, сондай-ақ бір «Т-150», төрт «МТЗ-80» және екі «МТЗ-1221» тракторлары жұмылдырылған екен.

Механизатор Дархан Шы-бықбаевтың айтуынша егіс алқабындағы техникалардың қо-салқы бөлшектері және жаңар-жағар майлары жеткілікті. Олар жұмыс барысында бір-біріне қарайласып, жауапты науқан кезінде барлық шаруаны ауыз-біршілікпен атқарады екен.

10 адамды жұмыспен қамта-масыз етіп отырған аталмыш шаруа қожалығында еңбек етіп жүрген жұмыскерлер науқан кезінде жасаған жұмыстарына орай орта есеппен   350-400 мың теңге көлемінде жалақы алады. Мұның сыртында басшылық тарапынан жем-шөп, күріш тағы басқа да көмектер көрсе-тіліп, отбасы жағдайларына да жәрдемдесіп тұрады.

Ерте көктем-нен қолдарына алған кетпен-күректерін алажаздай тастамаған ди-қаншылардың төккен терлерінің өтелетін кезі келді. Бітік өскен әрбір дәнді ысырапсыз жинап алу диқаншылардың басты мақсаты.

Жауапты науқанда күн-түн демей жанталасып жұмыс жасап жатқан еңбек майталмандарының  «еңбектері рәтті болсын» деген тілекпен қайта жолға шықтық.

                                   

Бақтығали ДӘУІТБАЕВ,


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр