Апта айшығы
Осы аптаның дүйсенбісі күні аудандық Мәдениет үйінде 1-қазан қарттар күні мен ұстаздар күні мерекелеріне орай салтанатты жиын өтті.
Салтанатты шараның шым-ылдығын түрген аудан әкімі Тоқпейісов Ғалым Қасымұлы қазыналы қарттар мен ұлағатты ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтап, өңіріміздің дамуына сүбелі үлес қосқан қарияларымыздың әрдайым ортамызда аман-есен жүрулеріне жүрекжарды тілегін білдірді. Мұнан соң, аудан педагогикасы тарихын тереңнен қозғап «Балқаш ауданының жері ежелден қойнауы құтқа, жері берекеге толған, елі мерекеге қанған киелі мекен екенін, осы өңірдің ұрпағын даналықпен тәрбиелеген білім саласы терең тарихқа, өнегелі тағылымға толы өңірде өмір сүрген от ауызды, орақ тілді Балғалы Малыбай және Байменей Жұмабек билер, Қалмамбет емші, кең даланы ән мен жырға бөлеген Ақанай, Балтағұл, Бақыбай, Дәрібай, Жұбай ақындар, Бек Тоғысбаев, Әли Ысқабай секілді жазушыларымыздың, талантты тұлғаларымыздың аудан даң-қының асқақтауында оларды баулыған өнегелі адамдардың ролі ерекше екендігіне тоқталды.
Ауданымызда күні кеше білім берудің сүрлеу-соқпағын салған Ақылбай Бұлғақбаев, Адалбай Бейсенбиев, Таутай Әкімбаев, Қасым Тоқпейісов, Людмила Фетисова т.б. ата-апаларымыздың ізгі ісін жалғаған Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі Мағрипа Қыдырбаева, ұлағатты ұстаздар Нілдібай Құтпанбетов, Әндір Бекбосынов, Ұлтуған Кішкенебатырова, Білімкүл Құлтаева сынды ұлағатты ұстаз-дардың арқасында даңғыл жол-ға айналғанын, аяулы ұстаз-дарымыздан бүгінде әлемге танымал ғалым, «Плантин Тарлан» сыйлығының иегері Герой Жолтаев, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, медицина ғылымының докторы Қасен Қожақанов, академик Шалтай Смағұлов, қоғам қайраткері Омархан Өксікбаев, меценат Өмірзақ Сәрсенов сынды іскер, абзал азаматтарымыз білім мен тәрбие алған» деп аудан мақтаныштарын баса айтты.
Аудан басшысының құттық-тау тілегінен кейін марапаттауға кезек берілді.
Мараппаттау барысында бүгінгі жаңару кезеңінде білім беру ісін одан әрі жетілдіруде аудан ұстаздары-Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназияның биология пәні мұғалімі Гүлназы Сейсенбай, Жиделі орта мекте-бінің химия пәні мұғалімі Сұлтанғазы Абиров, Үлгілі орта мектебінің мұғалімі Фарида Оразтаева, Ақдала орта мектебінің мұғалімі Ғалия Жазылбекова, Бірлік орта мектебінің мұғалімі Гүлнар Омарова, Д.Қонаев атындағы орта мектеп мұғалімі Айгүл Дәрменова, Н.Бозжанов атындағы орта мектептің психологы Аида Ырымжанова т.б. ұстаздарымыздың ерен еңбек-терін ерекше атады.
Құттықтау сөз соңында «Ұстаздарымызға мәңгі тағ-зым жасау-адамзат баласы ұрпағы алдындағы абыройлы міндет. Мұғалімдеріміздің алдынан білім нәрімен сусындап, қаншама шәкірттер ұлы өмірге қанат қағып жатыр. Олар қоғамымызды дамытуда. Сондықтан да Сіздер әрдайым қоғамымыздағы қасиетті тұлға ретінде ерекшеленесіздер.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында ұстаздар алдына әлі де жүзеге асыратын міндеттердің көп екенін айта келе, оларға мемлекет тарапынан қамқорлық, ата-ана тарапынан құрмет жасауды ұсынды. «Мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсартпасақ, бұл шаралар жүзеге аса қоймайды» -деп ұстаздардың әлеуметтік жағдайына баса назар аударды. Бұл-ең бастысы, аяулы ұстаздар, Сіздерге көрсетілген үлкен құр-мет»,-деп құттықтау тілегін түйіндеді.
Құттықтау сөзден соң кезек аудан мұғалімдерін түрлі деңгейдегі марапаттауларға ұласты. Алғашқы кезекте аудандық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Айгерім Тұрсынбекова Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту минис-трлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Сондай Оқу-ағарту министрлігінің Ал-ғыс хатымен 6, облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен 6, аудан әкімінің Құрмет грамотасымен 14, аудан әкімінің Алғыс хатымен 12 мұғалімге марапаттар табыс етілді.
Қарттар мен Ұстаздар күні мерекесіне арналған шара соңы мерекелік концертке ұласты. Құлақтың құрышын қандырған әуезді әндер, мың бұрала билеген бишілердің биі көпшіліктің көңілінен шықты.
Мұғалімдер қауымы – барша адамзат баласы құрмет тұтқан, шәкірттерін «Қияға қызықтырып жетелеген» ізгі жүректі, әппақ ниетті жандардың өзі. Олар ежелден – ерен еңбек иелері! Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов: «Ұстаз – ұлы есім», батыр атамыз Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық – ұлы қызмет» деп ерекше бағалаған еңбек иелеріне құрмет қандай кезең болсын жалғаса бермек.
Жас ұрпаққа «ғажайып дүние-нің сырын жайған», ұлы өмірде «ұстаздық етуден жалықпаған» ұлы қызмет иелеріне деген құрметке бәріміз де ерекше алғы-сымызды айтуды парыз көрдік.
Біздің қоғамымызды ардақты да қазыналы қарттарымыз бен ұлағатты ұстаздарымызсыз елестету мүмкін емес. Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұр-пағы үшін жасаған игі істері әрбіріміздің жүрегімізден ерекше орын алады. «Қарты бар елдің қазынасы бар» демекші көненің көзін көрген, ізін басқан қазына-лы қарттарымызды аялай білейік.
«Ұстаздық еткен жалықпас...» деп ұлы Абай атамыз айтқандай қоғамға саналы тәрбиелі білімді азамат-азаматшаларды білім нәрімен сусындатқан ұстаздар қауымының мерейі қашанда үстем. Қандай қоғамдық-эконо-микалық формация болсын, сол қоғамның талаптарын жүзеге асыруда аянбай еңбек етіп, сындарынан өткен айбынды авангард – ұстаздар еңбегі қашанда ерекше. ХХІ ғасырдағы күн сайын ақпараттар легі тасқындап, күн сайын өзгеріп жатқан кезеңде де ізденістердің көшбасында мұға-лімдер қауымы тұр. Ұлағатты ұстаздарымыздың еңбегі жана берсін! Қазыналы қарияларымыз аман болсын!
Айжан АХМЕТБАЙ, «Балқаш өңірі».