МЕДИЦИНА ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ


   2022 жылдың 1-қыркүйегі күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаевтың халыққа арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Бәрекелі қоғам» атты Жолдауын тыңдадым. Жолдау-ел  болашағына сенім ұялататын, халықтың әлеуметтік және экономикалық жағдайын өркендететін, Жаңа Қазақстан құрудағы аса маңызды қадам болды деп санаймын.

  «Мемлекеттің бірінші байлығы- адам, адамның бірінші  байлығы- денсаулық» демекші Мемлекет басшысы  Жолдаудың үшінші бағдарында  медицина саласына да тоқталды. Денсаулық сақтау саласында реформа жүргізгенін және алдағы уақытта аса маңызды мәселелерді реттеуге  мән беріл-етінін айтты. Соның ішінде ең алдымен ауыл тұрғындарының сұранысын қанағаттандыруға арналатынын айтқан болатын. Бүгінде елімізде 650 елдімекенде емдеу мекемесі жоқ екенін айтып, алдағы екі жылда сол ауылдарға медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал жабдықпен толық қамтамасыз етілетіні ауыл тұрғындарының көңіліне қонымды болды. Сондай-ақ Ұлттық жоба аясында 32 ау-дандық аурухана заманға сай жаңартылып, ауданаралық көпб-ейінді мекемеге айналады. Инсульттен емдеу орталықтары, хирургия, жансақтау және оңалту бөлімдері ашылатыны және бұл медициналық қызметтің сапасын артыратына сенемін.

  Болашақ дәрігерлерді дайындау жүйесі жетілдіріліп, медициналық жоғары оқу орын-дарының жанынан көпбейінді ауруханалар және клиникалар ашылатыны және алдағы уақытта 70 пайызға грант саны көбейетіні де Жолдауда қамтылған болатын. Бұл  болашақ дәрігерлерді бір қуантқаны рас-ақ.

Мемлекет басшысының ден-саулық сақтау саласына қатысты мәселені жік-жігімен жіпке тізгені, оның шешімін тауып қолға алынатын жобалары орындалатынына  кәміл сенемін.

      Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл салаға көңіл бөлуі халық денсаулығына аса мән беретінін білдірді. Мен Жолдауда қамтылған дүниелердің орындалатынына сенімімді білдіремін!

 

Қамар СЛӘМХАНҚЫЗЫ, аудандық орталық аурухана директорының орынбасары, аудандық мәслихаттың

депутаты.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр