ТАЛАПТЫҢ МІНІП ТҰЛПАРЫН...

дин.jpg

«Болар бала болмысынан» деп  қазақ халқы  келешегінен зор үміт күтетін, бойында қандай да бір ерекше  қабілет тулаған талантты танығандықтан айтқан.  «Бұлақ көрсең көзін аш» деген даналық сөзге сүйеніп, жер-лесіміз дарынды әрі білімді Динара Алпысбайдың жеткен жетістігін мақтан тұтып, оқырман қауыммен бөлісіп  отырған жәйіміз бар.

Ел мақтанышына айналған Динара аудан орталығындағы М. Сеңгірбаев атындағы орта мектебінің  түлегі,  «Алтын белгі» иегері. Бүгінгі таңда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Шығыстану» мамандығының 3 курс студенті Динара Талғатқызы «Мицубиши Корпорейшн» атынан бөлінген шәкіртақы иегері атанып, Жапонияның Осака универ-ситетіне 6 айлық оқуға баруға  мүмкіндік алды.

Аталмыш корпорация 2012 жылдан бастап ҚазҰУ студентте-ріне шәкіртақы тағайындап келеді. Соның нәтижесінде бірқатар студенттер Жапонияның үздік жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жәйі бар.

Биыл да аталмыш корпорация Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасы жапонтану бөлімінің үздік студентіне 1500000 теңге көлемінде шәкіртақы бөлген болатын. Байқауға GPA балы жоғары, жапон және ағылшын тілдерін жақсы меңгерген үшінші курс студенттері қатысып бақ сынасты. Міне жерлесіміз Динара сол  үздіктердің арасынан топ жарды.

Бұл туралы стипендия иеге-рінің өзі былай дейді: " Мен шығыстану мамандығының 3 курс студентімін. Менің туған жерім Балқаш ауданы, Бақанас ауылы. Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектебінің «Алтын белгі» түлегімін.  2021-2022 оқу жылынан бастап «Мицубиши Корпорейшн» шәкіртақысы жайлы таныспын. Аталмыш конкурсқа 2 курс оқып жүрген кезімде де қатысқан болатынмын. Дегенмен биыл 3 курста шәкіртақы иегері атану бақыты бұйырыпты.  ҚазҰУ-ке ең алғаш түскен уақытымда ақылы оқу бөлімінде оқыдым. Өзімнің білімімнің арқасында 1 курсты сәтті аяқтап, 2 курсқа үздік оқу үлгерімі үшін 100% жеңілдік алдым, ал қазір тыңбас оқу мен қажырлы еңбек нәтижесінде мемлекеттік білім грантын ұтып алдым. Мектепте оқып жүрген уақытымда да, оқу озаты болып, алдыңғы қатарлардың бірі болдым. Биылғы оқу жылында «Мицубиши Корпорейшн» 1 500 000 теңге көлемінде шәкіртақы алғаннан бөлек, былтыр Халық-аралық Оңтүстік Кореяның POSCО корпорациясының 800$ шәкіртақысын  жеңіп алған болатынмын. Онымен қоса, биылғы оқу жылында балалық шағымның арманы болған әлемдік деңгейдегі Жапонияның ең әйгілі Осака университетіне оқуға шақырту алдым. Оның бәріне түрткі болған жапон және ағылшын тіліне деген қызығушылығым мен махаббатымның нәтижесі. Байқау құжаттарды жинау және әңгімелесу сияқты жапон және ағылшын тілін білудің бірнеше кезеңдерінен тұрды. Осы байқауда мен өз қабілетімді көрсету үшін көптеген мүмкіндіктерді пайдаланып  көргендіктен өз білімімді шыңдадым және стипендия мөлшері де өте таңғаларлықтай болды.

«Мицубиши Корпорейшн» - бұл Орталық Азия елдерінің студенттерін қолдайтын үлкен миллион долларлық корпорация. Мен осындай мәртебелі корпорацияның шәкіртақысын жеңіп алғанымды мақтан тұтамын. Маған осындай көптеген толассыз мүмкіндіктер сыйлап, армандарымның орындалуына септігін тигізіп жатқан өзімнің білім алып жүрген университетіме және ұстаздарыма үлкен алғысымды білдіріп,  рахметімді айтамын!"- деп өзінің  жеткен жетістіктерімен   қуана бөліскен болатын.

Бұл біздің Динараның білім шыңына қанат қағып, қол жеткізген үлкен арманының бірі. Асау толқынды өмір айдынында ақ желкенді кеменің бағытын алға жылжытып, бұдан да биік белестерді бағындыруға жолы ашық болсын.

Талаптың тұлпарын мінген  жерлесіміз Алпысбай Динара Талғатқызына сәттілік пен жетіс-тіктер тілейміз.

Айжан АХМЕТБАЙ, «Балқаш өңірі».


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр