БОЙЫНДАҒЫ БІЛІМДІ БІЗГЕ ТӨККЕН

(Н.Бозжанов атындағы орта мектептің ұстаздарына арналады)

    Балқаш көл шағылысып ай нұрымен,

    Сəулесі жарқырайды көл бетінен.
    
Толқындар тербеледі баяу желмен

     Көлімді еркелетіп  тербеу   менен.

   

    Əр тұстан сулар ағып сарқыраған,

    Іле бар  Құйғанымды жарып аққан.

    Іле құйып  Балқаш көлмен тілдескендей
    Өзен бойы   ауылым орналасқан.
    

     Жырлайды əрбір ақын туған жерін,

     Білім алып, сауатын ашқан  жерін.

     Бозжанов мектебінде  білім берген
     Ұмытпайды ұстаздарын  шəкірт деген.

       Əр əріпті үйреткен
 жылдам- лезде,

       Тарыдай боп қабылдаған бала кезде.
       Бойындағы білімді бізге  
төккен

       Марапатқа лайықсыздар бəріңізде.


        Əр ұстазға жол көрсетер  басшылық бар,
        Мектеп үшін тер төккен  ұстаздар нар.
         Мектептің гүлденуіне атсалысқан,
        Құрметті ұстаз  Гүлшаттай  апайым бар.

        Алтын ұя  мектепті  тəмəмдəған,
        Талай алғыр сол ұядан  қанат қаққан,
        Министрлік тізгінді
 қолға алған

        Қарашөкеев Ерболда білім алған.


       Жырлай берсем ұстаздарға
 сөз жетпейді,

       Əр шəкіртке үйретуге   ерінбейді.
       Болашағы болар елдін  құрметтісі
        Барлық халық ұстаздарды құрметтейді.

Білім нәрін сепкен Ұстаздарыма  мың алғыс!

 

Есен ЕРҒОСАЕВ.

Құйған ауылы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді
  • Как казахстанцы прожили 2025 год, и чем он запомнился
  • 350 тыс. человек получили доступ в 95 населенных пунктах к газу за прошедший год: итоги работы Прави
  • Өткен жылы 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілді: Үкіметтің энергетика саласындағы ж
  • Реализация поручений Президента: в Казахстане запущены три новых газовых месторождения в 2025 году