БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕНКЕСІ ӨТТІ

123.jpg

Газетіміздің алдыңғы санында хабарлағанымыздай, осы аптаның бейсенбісі күні аудандық Мәдениет үйінде Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының тапсырмасына орай аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен жұмыссыз азаматтарды, жұмыссыз алимент берешегі бар борышкерлерді, пробация қызметінде есепте тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдарды, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында бос жұмыс орындар жәрменкесі болып өтті. Аталмыш жәрмеңкеге жеке сот орындаушылар, аудандық прокуратура, пробация қызметі және Балқаш ауданы бойынша жұмыс берушілер мен жұмыссыз азаматтар қатысты. Жәрмеңкеге барлығы он бестен астам жеке кәсіпкерлер мен мемлекеттік мекемелер қатысып, отыздан аса бос жұмыс орындары ұсынылды. Бос жұмыс орындар жәрменкесінде жұмыс орындарын ұсынған мекемелер мен кәсіпорындарды атап айтар болсақ, Б. Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясы мен М. Сеңгірбаев атындағы орта мектебі және «Десерт» ЖК, Балқаш ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, аудандық Жастар ресурстық орталығы, аудандық Орталық ауруханасы, аудандық архиві, сонымен қатар аудандық білім бөлімі, Бақанас «Саз мектебі » мектебі, Бақанас аграралы-индустриалдық колледжі, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі қатысты. Жәрмеңке барысында сөз алған аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Сағи Бейсенбек жұмыссыз жүрген аудан тұрғындарына мемлекеттік бағдарлама бағыттары, оқу курстары, жастар тәжірибесі, мемлекеттік гранттар, қоғамдық және әлеуметтік жұмыс орындары жайлы кеңінен тоқталып өтті. Жұмыссыздық қоғам өмірінде заман талабына сай орын алып тұратын құбылыстың бірі. Қазіргі нарық жағдайында байланысты қай жерде болсын жұмыссыздық мәселесі жиі талқыланып жатады. Ұйымдастырылған жәрменкенің де негізгі мақсаты- аудан көлемінде жұмыссыз жүрген азаматтарды жұмыспен қамту.

 

Өз тілшімізден


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр