КӘСІП ЖАСАУҒА МОЛ МҮМКІНДІК

 

Күздің алғашқы күні Президентіміз Қасым - Жомарт Тоқаев өзінің кезекті халыққа Жолдауын жолдаған болатын. Жаңа Жолдауды тыңдай отырып еліміздің болашағы жарқын екендігіне тағы да көз жеткіздім. Жаңа Қазақстанның келешегі Мемлекет басшысының Жолдауында халыққа алдағы уақытта нақты іске асырылатын реформалардың бағыт-бағдары айқындалды. Бұл реформалар халықтың әділетті әрі дамыған мемлекетте өмір сүруіне жол ашып, мол мүмкіндік беріп отыр. Президент бірқатар проблеманы көтерді және жаңа бастамаларды жария етті. Биылғы бастамалардың ауқымы кең, салмағы ауыр. Елді ертеңіне сендіріп, болашаққа нық қадам жасауға серпін берген жолдау болды.

Жолдау-халықтың тұрмыс-тіршілігіне, өмірлік маңызды мәселелерге және мемлекеттің жүйелі экономикасына бағдар-ланды. Соның ішінде ерекше назарымды аудартқан мәселе- жеке кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдап және мемлекет қаржылай қолдау жасаған кезде бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес өкілдеріне баса мән беретінін, еңбекақы төлеу қорын көбейткен және салық төлемдерін арттырған кәсіпорындарға қолдау көрсетілетіні, сонымен қатар, мемлекеттен көмек алатын бизнес өкілдерін анықтайтын автоматты жүйе енгізілетіні, мемлекеттік сатып алудың мүлде жаңа жүйесі жасалатыны мен мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуды бірыңғай платформаға көшірілу керектігі айтылды. Осы аталған мәселелердің бәрін жүзеге асыру үшін «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң қабылдап, оны жүзеге асыру керектігін баса айтқан болатын. Бизнес-те  келісім-шарттар ашық және конкурстық негізде жасалуға тиістігін, осы мақсатта тиісті заң қабылданып, мұнымен қатар кәсіпкерлерге жер телімдерін ашық әрі жедел бөлудің тиімді тәсілдері айқындалып, оны жыл соңына дейін әзірлеп, қолға алынып іске асырлатынын және әрбір аймақ пен елді мекенде бос жатқан немесе мақсатына сай игерілмеген жердің бар-жоғын анықтап, бұл ақпаратты бизнес өкілдері білуге тиістігін Президентіміз нақтылап, өз Жолдауында айқындап берді. Аталған шаралар кәсіпкерлердің ғана емес, жалпы экономиканың бәсекеге қабілетін алдағы күндері арттыра түсетіні анық.

 

Гүлнұр АҚБЕРГЕНОВА,

кәсіпкер.

Бақанас ауылы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр