ҰЛТ ҰСТАЗЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

 Ахмет.jpg


  Биыл Алаш арысы,  қазақ тілінің түп-тамырын кеңейтіп, іргетасын қалап кеткен тіл жанашыры болған Ахмет Байтұрсыновтың туылғанына -150 жыл.  Халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, ғалым-ағартушы, Ұлт ұстазының ел-жұртына сіңірген еңбектерін насихаттау мақсатында 5 қыркүйек -Тіл мерекесі күніне орай аудандық кітапханада «Ұлттық қауіпсіздік ана тілін қадірлеуден басталады» тақырыбында әдеби кеш болып өтті.

Аталмыш мәдени шараға аудан көлеміндегі білім шаңы-рақтарының қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімдері, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы аудандық филиалы мен кі-тапхана қызметкерлері, аудан орталығындағы Б. Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназия-сының және М. Сеңгірбаев атындағы орта мектеп оқушы-лары, мемлекеттік тілдің жанашырлары қатысты.

Мәдени шара барысында ұлт ұстазы А.Байтұрсынов қалдырған рухани жəне ғылым-білім саласындағы орасан зор мол мұра ел тарихында алатын, бүгінгі таңда да мəн-мағынасын жоймаған қанатты сөздері негізге алынып, сан түрлі тақырыпта ұйымдастырылған іс-шаралар жайында баяндамалар жасалды. Ал мәдени шараның көрігін қыздырған мектеп оқушылары «Тіл – тәуелсіздіктің айғағы», «Тіл мен егемендік егіз ұғым», «Тілсіз- тәуелсіздік, егемендіксіз- тіл болмақ емес», «Тіл – тәуелсіздіктің қуатты тірегі, бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы», тақырыбында жүрекжарды туындаларын оқып, жырдан шашу шашты.

Мәдени шараны ұйымдас-тырушысы аудандық кітап-ханның кітапханашасы Дальмира Жакупова сөз орайы келгенде: «Мемлекеттік тіл – ұлтаралық қатынастардың, татулық пен бірлікті көздейтін, барлық елдердің ынтымағы мен ырысын ұйытатын бұлақтың қайнар көзі болып табылады.  Кейбір азаматтар өз ана тілінде сөйлеуге намыстанып, өзге тілде сайрайды.   Міне, осындай тіл мәселесі бойынша сіздерді ой қозғауға тіліміз бен дініміздің қазіргі қоғамдағы рөлін сипаттауға шақырамыз» деп шараға қатысушы қонақтарға мемлекеттік тілді құрметтеп, қазақ тілінің негізін қалаушы, ұлт көшбасшы А. Байтұрсыновтың ана тілдің мәртебесін көтеру жолында атқарған еңбектеріне кеңінен тоқталды.

Мемлекеттік тілді насихаттау барша Қазақстан халқының азаматтық парызы. Ал қазақ әліпбиінің негізін қалаушы, ұлы тұлғаның ана тіліміздің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуына себепкер болған, ХХ ғасырдағы қазақ рухани мәдениетіндегі көшбасшы Ахмет Байтұрсынұлының - өмірі шынымен де аңызға, шығармашылығы үлкен ма-ңызға ие болды. Өйткені ұлт маңдайына біткен ұлы тұлғаның туған тіліне деген құрметі өте жоғары болды.

 Бүгінгі аға буын өкілдерінің жастарға мемлекеттік тілді насихатауы, келешек ұрпақтың өз Отанында өзінің ана тілінде сөйлеп, тәуелсіз мемлекетіміздің заман талабына сай дамуына  серпін береді деген болжам сенімі бар. Мемлекеттік тіл-біздің болашағымыз.

Сондықтан тәуелсізді-гіміздің тұғыры биік, бола-шағы жарқын болуы үшін халқымыздың қасиетті қазы-насы, мемлекеттік тілдің мәр-тебесін бірге көтерейік, ағайын! 

   

Бақтығали ДӘУІТБАЕВ,

 «Балқаш өңірі».


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр