АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ІЗГІ ЖОЛЫМЕН


c6395b8c-b245-4519-a168-2f37fac67057.jpg 

 Қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғаны-на-150 жыл. Сонымен қатар 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдерінің мерекесі тіл жанашыры болған ұлт ұстазы, қазақ әліпбиінің негізін салған ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туылған күнімен тұспа-тұс ойластырылғаны баршаға аян. Ұлт ұстазының мерейтойына орай елімізде көптеген іс-шаралар қолға алынып жатыр.

Туған тілім – тірлігімнің айғағы.

Тілім менің – ұлтымның алтын діңгегі. Қазақтығымызды күллі әлемге паш ететінде біздің бай тіліміз. Тіл – ол біздің баға жетпес байлығымыз.

Қазақстан халқы тілдері күніне орай Бақанас аграрлы индустриалдық колледжінің студенттерімен «Туған тілім – тірлігімнің айғағы» атты танымдық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру. Олардың халқына деген, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Тіл ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетаным құралы. Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тарихта қалдыратын өскелең жас ұрпақтар. Олай болса, жастарымыз тіл мәселесіне келгенде сергектік танытып, жана-шырлықпен қараса, игілікті іс болар еді.

Еліміздің бірлігінің, тірлі-гінің дәлелі, айғағы – туған тіліміз! Тіліміздің тұғыры биік, ғұмыры ұзақ болсын!

 

Толғанай Нұрахан,

Алматы облысы «Тіл»оқу-әдістемелік орталығы

  аудандық филиалы меңгерушісінің міндетін уақытша атқарушы


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр