Осы аптаның бейсенбісі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Ғалым Тоқпейісовтың қатысуымен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үстіміздегі жылдың 1-ші қыркүйек күні жариялаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауына қолдау көрсету мақсатында келелі жиын болып өтті.
Сондай-ақ бұл жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мекеме ұйым басшылары, мәслихат депуттары, ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары, мәдениет және денсаулық саласының қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында Жолдауда аталған негізгі бағыттардың халыққа тиімділігі және осы нақты қадам арқылы елімізде жаңа өзгерістер орын алатыны жәйі әңгіме өзегіне айналды. Жолдауда негізі халыққа әлеуметтік тұрғыдан қолдау жолдары қарастырылғандығы оның іске асуына үлес қосу қажеттілгі баса айтылған.
Келелі жиынды қорытындылай келгенде аудан басшысы жиынға қатысушыларға Мемлекет басшысының Жолдауын халықтың қалың ортасында ілгерлету және онда айтылған мәселелерді қолдауға атсалысуды тапсырды.
Халқымыз қай уақытта да Мемлекет басшысының Жолдауының жақсы жаңалықтарына құлақ тосып, серпіліп отырады. Күткеніміздей бұл Жолдауда да үлкен мәселелер қамтылды. Жолдау азат елдің озат ойлы жалынды жастары үшін де зор қуаныш пен жарқын жетістіктерге жол ашатын мүмкіндіктердің бастауы болды. Жастарға біраз жеңілдіктер, жақсы ұсыныстар жасалды. Тұрғындарды әл-ауқатын жақсартуға серпін береді. Білім сапасын көтеруге арналған жұмыс түрлері де көрсетілген. Қаңтар қақтығысына қатысқандардың іс-әрекеттеріне қарай кешірім жасалу жолы да айтылды. Зейнет жасына да және бала күтіміне де берілетін жәрдемақы 1,5 жасқа дейін берілетініне тоқталып өтті. Мұнымен қоса Ұлттық қордан 18 жасқа дейінгі бала шотына қаражат аударылатыны тағы бар. Осы жоғарыда қабылданған шешімдер мен міндеттердің орындалуына әр адам өз үлесін қосқаны дұрыс және оның орындалуына кәміл сенеміз. Жолдауда көтерілген барлық мәселе өзекті деп санаймыз. Алдағы уақытта үкімет пен жергілікті атқарушы орындарға осы айтылған тапсырмаларды жүйелі түрде жүзеге асырылуына атсалысып, жаңа Қазақстанды бірге құрайық, ағайын!
Айжан АХМЕТБАЙ, «Балқаш өңірі».