Еліміздегі жастардың сапалы білім алуы қашанда мемлекет алдында тұрған кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Өйткені, жас ұрпаққа білім беру арқылы біз келешекте ел тұтқасын ұстайтын, мемлекет мәртебесін арттыратын жас мамандардың көбеюіне ықпал ететініміз сөзсіз.
Жастар-бұл қоғамның қозғаушы күші, демек бұдан түйетін қорытынды жастарға мемлекет тарапынан қандай қолдау көрсетілсе, сол болашақта мемлекеттің қарқынды дамуының кепілі болмақ.
Егемен еліміз де тұғырлы тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап жастарға деген қолдаудың күн санап артып жатқаны сөзсіз.
Әсіресе, баланың балабақ-шаға барған сәтінен бастап, тіпті орта мектепте, одан қалса кәсіптік-техникалық орта, сонымен қоса жоғары оқу орнында сапалы білім алуына елімізде барлық жағдай жасалған. Жастарға кәсіп ашуға арналған түрлі бағдарламалар, студенттердің жоғары әрі сапалы білім алуына және жас мамандардың жұмысқа орналасуына байланысты мәселелер бүгінде елімізде өз шешімін тапқан. Яғни, бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының жастарды қолдау мақсатында барлық іс-шараларды негізге алып отырғандығының дәлелі.
Иә, бұл сөзімді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында ғана Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауы айқындап отыр. Бұған дейінгі Жолдауларында да Президент жастардың білім алуына айрықша назар аударып келсе, Білім күнімен қатар келген аталған Жолдаудан да студенттерге көрсетілетін қолдаудың артқанын байқауға болады.
Оның ішінде студенттердің білім алуына берілетін мемлекеттік гранттардың студенттерге әртүрлі бағытта берілуін, сонымен қоса мемлекеттік грантпен Жоғары оқу орнына түсе алмаған студенттердің жеңілдетілген несие алып, ақылы оқуына да жағдай жасалатынын тілге тиек еткім келеді.
Сонымен қоса, еліміздің түкпір-түпкірінен қала-ға білім алуға келген сту-денттердің жатақханамен қамтамасыз етілуіне де баса назар аударған Мемлекет басшысы бұл мәселені де назардан тыс қалдырмады. Ал бұдан өзге де Жолдауда қамтылған өзекті мәселелер халық мүддесін қорғауды көздеп отырғаны белгілі. Мен өзім де Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті ретінде Президент тарапынан көтерілген бастамаларға қолдау білдіремін. Ел болашағы-жастармен жарқын.
Алтынай СЕЙТКЕН, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультетінің 2-ші курс студенті.