ҰЛТ МҮДДЕСІНЕ АРНАЛҒАН ЖОЛДАУ


Зарина ТӨКЕН, көпбалалы ана.

Мемлекет басшысының жылдағы дәстүрмен жасайтын Жолдауынан Қазақстан халқы үлкен үміт, жақсы-лыққа ұмтылыс, жаңалық күтіп үйренгені рас. Сөз жоқ, осы жолы да Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Жолдауы халықты қуантып, болашаққа бағыт-бағдар беріп, бір серпілтті.  Жалпы еліміздің өркендеуі жолында әр Жолдауда ауқымды жобалар қолға алынып, іске асырылуда.

Президентіміз 2022-ші жылды «Балалар жылы» деп жариялаған болатынды. Осыған орай  1 қыркүйек күнгі Жолдауында  18 жасқа дейінгі балалардың шотына Ұлттық қордың инвестициялық табысынан ақша түсіп отыратынын және ол  қаржы  кәмелеттік жасқа дейін алынбайтынын  айтты. Кейін оны үй алуға немесе оқуға жұмсауға болатындығы көңілімізге қуаныш ұялатты. Бұл жоба 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге аса бастайды. Сонымен қатар тағы да бір әлеуметтік тұрғыдағы басты мәселе -2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бала күтімі бойынша берілетін төлемдер 1,5 жасқа дейін ұзартылады.

Бала  әрбір ата-ана үшін ең басты мәселе. Міне, жоғарыда айтылған  бала мәселесіне қатысты дүниелердің орындалуын асыға күтеміз, үміт артамыз және қолдаймыз. 

Бұл Жолдау өз мәтінінен де терең мағыналы деп санаймын. Жолдау ел жүрегінен орын табатыны сөзсіз.

 

 Бақанас ауылы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұйғыр ауданында мемлекеттік активтерге аудит жүргізілді
  • Конституцияны құрметтеу - Отанға деген құрметтің көрінісі
  • Әскер - ер азаматтың өмір мектебі
  • Аида Балаева поздравила Джеки Чана с началом съемок в Казахстане
  • Аида Балаева Джеки Чанды Қазақстандағы түсірілімнің басталуымен құттықтады