жарқын бейнесі халық жадында

    Береке орта мектебінің ұжымы мен оқушылары үшін 2022-2023 оқу жылы үлкен қуанышпен басталмақшы.  Осы  білім ордасында ұзақ жылдар басшылық қызмет атқарған ұлағатты ұстаз, «білім беру саласының үздігі» Елтай Қошқарбаев атындағы жаңа технологиямен жабдықталған математика кабинеті ашылды.     

Ұстаздың ұлағаты ұмытылмайды. жарқын бейнесі халық   жадында. Елтай Қошкарбаевтың барлық ғылымдардың бастауы болған математиканы оқытудағы шеберлігі талай оқушының жолын ашты. Жаңа оқу кабинеті заманауи талаптарға сай жабдықталып, озық технологиялармен сабақ өткізуге лайықталған. оқу бөлмесі тарихи-педагогикалық мұражай іспетті. Математикалық формулалар, оқу-әдістемелік көрнекіліктер рет-ретімен жайғастырылған.

Шара шымылдығын Жәдігер Ермектің орындауында арнау жыры түрді.

Кабинеттің салтанатты ашылу шарасына аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Дәрібаев, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы  Динара Ақмолдаева және ел ағалары, ардагер ұстаздар, мектеп мұғалімдері, марқұм Елтай Қошқарбаев-тың  балалары мен туған-туыста-ры, құда-жекжаттары қатысты. 

Елтай Қошқарбаев -1936 жылдың 17-ші мамырында Көктал ауылында дүниеге келген. 1955 жылы 7 жылдық Көктал мектебін, кейін Үлгілі орта мектебін бітірген. 1956 жылы әскер қатарына шақырылып, 1958 жылы борышын атқарып келді. 1958 жылдан бастап Көктал ауылындағы 7 жылдық  мектепте еңбек пәнінен сабақ берді. 1960 жылы  Қазақ педагогикалық  иститутының физика –математика факультетіне түсіп, 1965 жылы бітірді. 1968 жылға дейін Көктал  мектебінде математика пәнінен сабақ берді. 1968-1974 жылдар аралығында Желтораңғы орта мектебі директоры қызметін  атқарды. 1974-1984 жж Ақкөл орта мектебінің директоры. 1984-1988 жж.-«Тың-ның 25 жылдығы» орта мектеп, қазіргі Береке орта мектебінің алғашқы директоры болып, мызғымас білім іргесін қалады. Болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі  ерең еңбегі ескеріліп, 1972 жылы «Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі» атағымен марапатталды. Республикалық мұғалімдер съезіне делегат болып қатысып, Панфилов саябағындағы «Мәң-гілік отқа» гүл шоғын қою міндеті жүктелді. Абзал жан, ұлағатты ұстаздың есімі енді әріптестерінің, шәкірттерінің естерінде мәңгі сақталатын болады.

Жиында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Дәрібаев жиналған көпшілікті математика кабинетінің ашылуымен аудан әкімі атынан құттықтады. Келесі кезекте білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Динара Ақмолдаева және мерекелік кешке келген ел азаматтары мен бірге жұмыс жасаған әріптестері  құттықтап, өз қаражаттарына пән кабинетін ашып, жеткіншектердің терең білім алуларына игілікті де жанашырлық іс көрсетіп отырған Елтай ағаның отбасына, балаларына, туған-туыстарына деген зор ризашылықтарын біл-дірді. Осыдан соң сөз алған әке ізін жалғастырушы бүгінгі тәуелсіз еліміздің жас буын ұрпақтары туған-туыстары мектептен кабинет беріп отырған мектеп әкімшілігіне рахмет айтты. Осы кабинеттің ашылуына көп атсалысқан ұлы Ғалым Қошқарбаев пен келіні Гүлжазира Бекенова  әкеміз әр оқушының жүрегінде қалып, осы кабинет игі-істердің бастамасы болсын деп тілектерін білдірді.

Мектеп  директоры  әрі ата-ана ретінде мектепте жаңадан толық құрал-жабдықтармен математика пәнін ашып берген абзал азаматтың балаларына, жанұясына  жүрекжарды  ле-бізін білдірді. Шара барысында Елтай Қошқарбаевтың шөберелері арнау жырларын оқыды. Мектеп оқушыларына атамыздың жолын берсін деп математика дәптерлері мен кітаптар таратылды.

 

Еркебұлан ЖЕБЕГЕНОВ, Береке орта мектебінің

директоры.

003d1965-5e07-4bef-bed9-8eccc6e6d64a (1).jpg

fbf0c132-a115-4ad1-b241-4c9ccca41aca.jpg


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр