1 қыркүйек-Білім күні
Күздің алғашқы күні мерекемен басталады. Бұл күні көше бойы ерекше сән-салтанатқа бөленіп, бірі баласын, енді бірі немерелерін жетектеп, білім шаңырақтарының маңында 1-ші қыркүйек Білім күніне орай есіктерін айқара ашқан мектепте ата-аналар мен оқушылар қуанышқа бөленіп, мәре-сәре болып жатады. Биылда бұл мереке өз деңгейінде ұйымдастырылып, аудан көлеміндегі білім шаңырақтарында алғашқы қоңырау салтанатты шарасы болып өтті. Мұнымен қоса өткен жылдардағы короновирустың кесірінен мектеп оқушылары мектеп қабырғасын да емес үй де отырып білім алғаны да бар. Тәж тажалының залалы осылайша мектеп өміріне кері әсерін берген еді. Міне, биылғы жылы білім ордасы есіктерін айқара ашып, оқушыларға қуаныш сыйлады.
Аудан көлемінде 1 қыркүйек- Білім күні мектеп қабырғаларында алғашқы қоңырау үні сыңғырлап салтанатты түрде ашылды. Осындай салтанатты шара аудан орталығындағы М.Сеңгірбаев атындағы орта мектептің қабыр-ғасында өткізілді. Аталмыш білім шаңырағындағы салтанатты шараға аудан әкімі Ғалым Тоқпейісов, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев, аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Дәрібаев, аудандық білім бөлімі бас-шысының міндетін уақытша атқарушы Динара Ақмолдаева, аудандық «Бірлік» кәсіподағы ұйымының басшысы Сайран Смағұлов қатысты. Салтанатты жиын шымылдығын М.Сеңгірбаев атындағы орта мектебінің директоры А.Сәлімбаева ашты. Сөз кезегі аудан әкімі Ғалым Тоқпейісовке беріліп, ол өз сөзінде жаңа қадам басып келген бүлдіршіндерге және оқу жылына табыстар тіледі.
Жиын барысында 1-ші сыныпқа қадам басқан балапандар білім күніне өз арнау жырларын оқыды. Сондай-ақ бірінші сынып табалдырығын аттап отырған шәкірттер ұстаздарымен танысып, мектеп ішін аралап, парталарына жайғасты.
Білім-бұл қазына, оның кілті-еңбек, ал қорғаушысы-ақыл, ең бастысы тәртіп, тәртіп болған жерде білім де бар. Мектеп шәкірттеріне оқу жылына табыс әрі өз ұшқындарын табуға тілектеспіз! Ауданымызда оқу жылы табысты, оқушылар білімді болсын! Білім күні құтты болсын!
Айжан АХМЕТБАЙ, "Балқаш өңірі".