АТА ЗАҢЫМ-АЙБЫНЫМ

       Кез-келген Тәуелсіз мемлекеттің қоғамдық құрылымдағы ішкі құқықтық нормативтік жүйесін, бүкіл заңнамалық кешенін қалыптас-тыратын, яғни соның бәріне негізі болатын Ата Заңы-Конституциясы болуы тиіс. Бұл тұрғыда Тәуелсіз мемлекет, Егемен ел атанған Қазақстан Республикасының 30 жыл уақыт ішіндегі жетістіктерінің басты тұғыры, бақ пен бақытқа  негіз болған, ақиқат пен әділдіктің сара жолын салған айбынды -Ата Заңымыз!

Біз-зайырлы, құқықтық мемлекет негізін қалап жатқан қоғамның әр мүшесінің еркіндігі мен бостандығына кепілдік берген Ата Заңы-мызға тәуелді және оны құрметтеуге бас иген елміз. Халқымыз қандай  жетістікке жетсе де әлемдік деңгейде абырой-беделін асыра алса да әлеуметтік-экономикалық бағытта биіктерге көтерілсе де, ол касиетті-Ата Заңның арқасы екенін ұғынуымыз керек.  

Жыл сайын  дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын Кониституция мерекесі өткен аптаның сенбісі күні аудандық Мәдениет үйінде «Елдігімнің айбынын асқақтатқан-Ата Заң» тақырыбында кең көлемде өткізілді. Мерекеде бас қосқан аудан тұрғындарын арнайы құттықтаған аудан әкімі Тоқпейісов Ғалым Қасымұлы өз сөзінде: «Жаңа мемлекетіміздің құқықтық негізін айқындаған негізгі Заңымыздың қабылданғанына биыл 27 жыл толып отыр. Бұл мерзім тарих үшін аз ғана уақыт болғанымен, біз үшін жүріп өткен жолымызды бағамдап, ертеңге деген сенімімізді еселей түсудегі кезекті белес болды. 1995 жылы Қазақстан халқы Конституцияға бірауыздан дауыс бере отырып, еркіндікті, дамуды және басты құндылығы адам, оның өмірі, құқығы 

мен бостандығы болып табылатын шынайы демократияны таңдады. Сөйтіп мемлекетіміздің ұзақ жылдарға бағытталған стратегиялық мақсаттарын айқындаған негізгі заң өмірге жолдама алды» деп тәуелсіз мемлекетіміздің 31 жыл ішінде жеткен жетістіктеріне баса тоқталып,  аудан экономикасының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген азаматтарды марапаттады. 

Марапаттау барысында аудандық прокуратураның прокурорлары Айдос Бекенов пен Айдын Қалымбекұлына, аудандық соттың бас маманы Бақыт Дүйсенбаев, аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Ғабит Бегімжанов және Жиделі ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Алмат Тұрлыбековке  аудан әкімінің  Құрмет грамотасы табысталды.

Сонымен қатар аудандық полиция бөлімінің кіші кинологы, полиция кіші сержанты Тимур Баймұханбет, аудандық аурухананың заңгері Асхат Қайырбекұлы, аудан әкімдігінің халықты жұм-ыспен қамту орталығының маманы Айбек Майбек, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының шаруашылық меңгерушісі Гүлжазира Тұрсынбекова, Көктал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Бақытжан Нағашбаев,  білім бөлімінің заңгері Марал Орынбаева, сондай-ақ аудандық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Гүлнұр Рахыбай,  аудандық ветеринариялық станциясының  заңгері Жанай Бағлан және тағы бірқатар азаматтар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Аудан әкімінің марапатынан кейін, аудандық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Қарасай аудандық «Үшқоңыр» фольклорлық ансамбілінің концертіне кезек берілді. 

Мереке мерейін асқақтатқан қарасайлық өнерпаздар патриоттық әндерді сахна төрінде тамылжыта орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

 

Тәуелсіздігіміздің кепілі болған Ата Заңды ардақ тұтып, қастерлеу еліміздің әрбір азаматының міндеті мен парызы. Мемлекетіміздегі ең бір айтулы ұлттық мерекелердің қатарына кіретін бұл күн халқымызды Ата Заңды құрметтеуге, қастерлеуге, заңға бағынып өмір сүруге негіздейтіні белгілі.  

Халқымызға рухани күш-жігер беретін қастерлі мереке мерейі әрқашанда үстем болсын, ағайын!

                                      

Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».

DSC_1932.JPG

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр