ЗАМАН ТАЛАБЫ

Осы аптаның сәрсенбісі күні «AMANAT» партиясының облыстық партиялық штаб мүшесі, жерлесіміз Тынышбай Досымбеков ауданға арнайы іссапармен келіп, аудандық «AMANAT» партия   кеңсесінде  аудандық мәслихат хатшысы Кәдірбек Омаров және «AMANAT» партиясы Балқаш аудандық филиалының атқарушы хатшысы Данияр Садықбаевтың қатысуымен Республика бойынша өткізілетін референдум төңірегіндегі маңызды сұрақтарға жан-жақты жауап беру үшін, қоғамдық ой-пікірді талқылап-таразылау мақсатында  халықпен кездесу өткізді.

Мұнан соң кездесу жиын аудандық денешынықтыру-сауықтыру спорт кешенінде өз жалғасын тапты. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе жайында әңгіме өрбіткен Тынышбай Досымбекұлы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынған оң өзгерістер мен реформалардың іске асуына, Жаңа Қазақстанның қалыптасуына үлес қосу әрқайсымыздың азаматтық борышымыз екенін түсіндірді.

                                                             

                                                                                                                                                                                                     Өз тілшімізден.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұйғыр ауданында мемлекеттік активтерге аудит жүргізілді
  • Конституцияны құрметтеу - Отанға деген құрметтің көрінісі
  • Әскер - ер азаматтың өмір мектебі
  • Аида Балаева поздравила Джеки Чана с началом съемок в Казахстане
  • Аида Балаева Джеки Чанды Қазақстандағы түсірілімнің басталуымен құттықтады