Балқаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, 2022 жылғы сәуір мен 01 шілде аралығында «Еңбек Жолы» конкурсы жарияланып, үміткерлерден өтініштер қабылдау басталуын хабарлайды. Конкурсқа еңбек әулеттері мен әр саланың жұмыскерлері мен қызметкерлері қатысады.
«Еңбек Жолы» конкурсы – жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерiн сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу мақсатында үздiк еңбек әулеттерi мен өндiрiс қызметкерлерiн анықтайды. Конкурс қоғамдағы еңбек адамының мәртебесiн арттыруға және «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» ұраны аясында еңбек өнiмдiлiгiн ынталандыруға ықпал етедi.
Конкурс 2 кезеңде өткізіледі: өңірлік деңгейде және республикалық деңгейде “Еңбек Жолы” конкурсының жеңімпаздарын іріктеу. Республикалық комиссия әр номинация (бірінші, екінші және үшінші орындар) бойынша жеңімпаздарды анықтайды.
Конкурс 3 номинациядан тұрады:
«Үздік еңбек әулеті»
«Өңдірістің үздік жас қызметкері»
«Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері»
Конкурсқа кәсіпорынның (саласына қарамастан) барлық жұмыскерлері қатыса алады.
«Үздiк еңбек әулетi» — ең ұзақ еңбек өтiлi, ең көп марапаттары бар ең үлкен әулет таңдалады.
«Өндiрiстiң үздiк жас қызметкерi» — өндiрiстiң еңбек өтiлi 5 жылдан аспайтын ең белсендi және еңбекқор қызметкерi таңдалады.
«Жұмысшы жастардың үздiк тәлiмгерi» — кемiнде 20 жыл жұмыс өтiлi бар ең белсендi және тиiмдi тәлiмгер таңдалады.
Әр номинация бойынша жеңімпаздарды Республикалық комиссия анықтайды.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінім;
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3) номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);
4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1-2 минут компьтерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);
5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері/жұмыс орнынан анықтама;
6) жұмыс беруші немесе кәсіподақ берген ұсынымдық хат;
Бар болса (мынадай құжаттардың көшірмелері):
-мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, мадақтау қағаздарының, алғыс хаттардың көшірмелері;
-біліктіліктіарттырутуралысертификаттар(бар болса).
Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.
Осыған байланысты, әр номинация бойынша қатысушылар жайлы материалдарды бейнероликтерімен бірге, 2022 жылдың 15 маусымға дейін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қағаз және электронды нұсқада, cz_balhash@mail.ru электрондық мекен-жайға жолдауларыңызға болады.
Қосымша ақпаратты алу үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 91-1-23 телефондары арқылы алуларыңызға болады.