ЕЛ ӨМІРІНДЕГІ ЕЛЕУЛІ КҮН

0429225e-82c0-4b17-832a-14a0fad0562d.jpg

Республика бойынша өткізілетін референдум төңірегіндегі маңызды сұрақтарға жан-жақты жауап беру үшін, осы аптаның жұмасы күні ауданымызға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Тәжмағамбетова Мақпал Мазаққызы және Әлімбаев Данияр Кенғазыұлы арнайы іссапармен  келіп, Миялы,  Бірлік ауылдық округтерінің тұрғындарымен  кездесулер өткізді.

Халық қалаулыларымен бірге аудандық мәслихат хатшысы Кәдірбек Омаров, «AMANAT» партиясы Балқаш аудандық филиалының атқарушы хатшысы Данияр Садықбаев,  аудандық мәслихат депутаты Ермек Өнербеков және Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының Балқаш аудандық филиалының директоры Олжас Шынтасов сапарлас болды.

Миялы ауылдық округінде өткен кездесуден кейін халық қалаулысы «Динара» ӨК  жұмысшыларымен және Бірлік ауылдық округінің тұрғындармен сонымен қатар Аграфирма «Бірлік» ЖШС-нің диқаншыларымен кездесті.

Кездесулер барысында халық қалаулысы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституциялық реформаларға байланысты республикалық референдум өткізудің маңыздылығын түсіндіріп, тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауаптар берді.

Халықпен етене жақын сұхбаттасқан Мақпал Мазаққызы сөз орайы келгенде «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 5 маусымда болатын республикалық референдум жайлы шешімі мемлекеттің әрбір азаматына үлкен жауапкершілік жүктеп қана қоймай, алдағы күндерге маңызды қадам жасауға жетелейді. Иә, елімізде осындай үлкен саяси науқан басталып та кетті. Араға 27 жыл салып конституциялық референдум өткізгелі жатыр. Қазір осы референдум өткізу туралы барлық өңірде республикалық штабтың өкілдері өздерінің жұмыстарын жүргізуде. Біздің бүгінгі мақсатымыз да – референдумның мәні мен маңызын түсіндіру, халықты кеңінен ақпараттандыру болып табылады.

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Президент болып сайланғанда өзінің бағдарламасының негізгі өзегі етіп үш мәселені көтерді. Бірінші – халықтың әл-ауқатын көтеру, екінші – әділет, үшінші – даму. Қазіргі болып жатқан реформалардың бәрі де Президентіміздің сайлауалды бағдарламаларының логикалық жалғасы деп» түсіндірді.

  Ел тарихындағы елеулі оқиғаға бейжай қарамай, белсенді қатысу – әрбір азаматтың басты борышы. Себебі бұл – бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәт.

Ата Заңға енгізілетін өзгерістер Жаңа Қазақстанның бағыт-бағдарын айқындап береді. Бұл мақсатқа жету үшін биліктің халық үніне құлақ асып, ел пікірін ескеруі қоғам сенімін күшейтетіні жасырын емес.

 

Бақтығали МЕЙРАМБЕКҰЛЫ,

«Балқаш өңірі».


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр