Назарда болсын!

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №266 бұйрығына сәйкес атыс қаруын қолданып жасалған құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы Қаулысы шеңберінде облыс аумағында халықтан атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өткізіледі.

 Өткізу уақыты: 2022 жылдың сәуір айының 25-нен бастап. 

Атыс қаруларын өз еркімен өткізу тәртібі:

1.Заңсыз сақталған қаруды, оқ дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен өткізуге тілек білдіруші Балқаш аудандық ішкі істер бөлімі бастығының атына өтініш келтіреді, өтініште өз еркімен өткізілетін атыс  қаруының маркасын, калибрін, нөмерін, қанша данада екенін, атыс қаруын қайдан алғанын көрсетеді.

2.Телефон арқылы немесе басқалай электронды құралдарымен хабарлауғада болады, бұндай жағдайда қаруды қабылдап алушы қызметкер заңда көрсетілген тәр-тіппен құжаттарын толтырады.

3. Өткізілген қару міндетті түрде интегрирлік база мәліметі бойынша тексеріледі, өз еркімен өткізілетін атыс қарулары, оқ дәрілер және жарылғыш заттар осыған дейін еш жерде тіркелмеген болуы тиіс.

Сыйақы төлеу тәртібі:    

Өз еріктерімен заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды тапсырған азаматтарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы Қаулысы бойынша мына төмендегідей сыйақы беріледі.

Өз еріктерімен қару өткізген азаматтарға сыйақы беру мөлшері ҚР Республикалық бюджеті Заңы бойынша сол жылғы айлық есептік көрсеткіш бойынша есептеледі.

1.Ойық ұңғылы автоматты атыс қаруына  жүз айлық есептік көрсеткішке дейін.

2. Ойық әрі ұзын ұңғылы атыс қаруларына /винтовка, карабин/ елу айлық есептік көрсеткішке дейін.

3. Ойық әрі қысқа ұңғылы  атыс қаруларына / пистолет, револьвер/  қырық айлық есептік көрсеткішке дейін.

4. Тегіс ұңғылы атыс қаруларына отыз айлық есептік көрсеткішке дейін.

5.Травматикалық пистолетер мен револьверлерге он айлық есептік көрсеткішке дейін.

6.Өз еркімен өткізілген гранат-алардың, миналардың, жарылғыш заттардың, артиллериялық снаряд-тарың әр данасына жеті айлық есептік көрсеткішке дейін.

7.Өз еркімен өткізілген  жарыл-ғыш заттардың әр 1000 грамына алты айлық есептік көрсеткішке дейін.

8. Ойық ұңғылы атыс қаруынан атылатын оқтардың әр данасына айлық есептік көрсеткіштің жиырма төрттен бір бөлігіне дейін.

Сыйақы мына төмендегі жағдайда төленбейді.

Атыс қаруы болып табылмайтын заттарға, тіркеуде тұрған қаруларға, қолдан жасалған оқ-дәрілерге, тегіс ұңғылы атыс қаруынан атылатын, газдық, травматикалық қарудан атылатын оқ-дәрілерге.   

Туындаған сұрақтар бойынша Балқаш АПБ-нің Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының инспекторы, полиция капитаны Қайнар Раушановтың төмендегі ұялы телефонына : 87775909922 ха-барласуға болады.

Аудандық полиция бөлімі.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр