БЕЙБІТ ЖИНАЛЫСТАР ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Президентi Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғам-дық диалог – Қазақстанның тұрақ-тылығы мен өркендеуiнiң негiзi» атты Жолдауында елiмiздi дамудың жаңа сапалы кезеңiне шығару мүмкіндігі беріліп отырғанын атап айтқан болатын.

Осы бастама негізінде, «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» 2020 жылғы 25 мамырда жаңа заң қабылданған.

Бейбіт жиналыс дегеніміз – күш және қару қолданылмайтын, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқығы мен бостан-дығын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейтін іс-шара. Оған жиналыс, митинг, демонстрация, шеру мен пикеттеу жатады. Бейбіт жиынды кәмелетке толған азамат немесе азаматтар тобы, ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген заңды тұлға ұйымдастыра алады. Ал ел тұрғындарына өз еркімен қатысуына болады.

Бейбіт шеру өткізу үшін мемлекеттен арнайы рұқсат алудың қажеті жоқ. Бірақ жиын ұйымдастырушы жергілікті органға белгілі бір уақыт пен орында бейбіт жиын өтетінін 5 жұмыс күн бұрын хабарлауға міндетті. Хабарламаны қағаз жеткіз-гіш немесе цифрлы қолтаңба арқылы куәландырылған электрон құжат ретінде беру керек.

         Хабарламада:

-жиналыстың мақсаты;

-бейбіт жиналыстың нысаны

-ұйымдастырушының және оның өкілінің (болса) толық аты-жөні, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері немесе уақытша тұратын жері және т.б.

Жергілікті атқарушы орган хабарлама тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бейбіт жиналысты ұйымдастырушыға өз шешімі туралы хабарлауы қажет. Орган келісуі, бас тартуы немесе өзгеріс енгізуі мүмкін. Жауапты қолма-қол, пошта, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрон құжатпен, электрон пошта немесе ұялы байланыс нөмері арқылы жеткізеді.

Хабарламаны қарау мерзімі өткен соң жергілікті атқарушы органның жауабы болмаса, ұйымдастырушы берілген хабарламаға сәйкес бейбіт жиналыс өткізеді.

Жергілікті орган мынадай жағдайларда бейбіт жиын өткізуге келіспейтінін хабарлайды:

- сот әрекетке қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі деп таныған адам ұйымдастырушы болса;

- сот үкімімен жазасын өтеу кезеңінде түзеу жұмыстары, қо-ғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу, қамаққа алу, бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған Қазақстан Республикасының азаматы ұйым-дастырушы болса;

- шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар жүзеге асырса және т.б.;

Бейбіт жиналыстар арнайы орындарда ғана өтеді. Басқа жерлерге ұйымдастыруға тыйым салынады.

Балқаш ауданы бойынша, бейбіт жиналыстар, шерулер өткізу үшін Бақанас ауылында Т.Рысқұлов көшесінің бойы (Т.Дәуетаев және С.Сейфуллин көшелері қиылыстары аралығы) және орталық Бақанас стадионы (С.Сейфуллин көшесі 67 А.) болып бекітілген.

Бейбіт жиналысты белгіленген күні жергілікті уақыт бойынша 9:00-20:00 аралығы арнайы орында ұйымдастыру керек. Одан ерте бастауға немесе кеш аяқтауға болмайды.

 

Балқаш аудандық

прокуратурасы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр