ЖОЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫНА ТОҚТАЛДЫ

20220427_115317.jpg

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың наурыз айында Қазақстан халқына арнаған «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» - атты Жолдауында бірқатар тапсырмалар мен міндеттерді айқындаған болатын.

Бүгінде облыс басшылығы-ның тапсырмасы негізінде Президент Жолдауынан туындайтын міндеттерді халыққа түсіндіру, жеткізу мақсатында жер-жерлерден шыққан танымал тұлғалар ел аралап түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Осы орайда ауданымызға «Қаралы қаңтар» оқиғасында Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық музейі мен ондағы тарихи құндылықтарымызды қорғап қалған музей директорының орынбасары, «Парасат» орденінің иегері, Алматы облыстық қоғамдық пікір көшбасшыларының мүшесі, ауданымыздың «Құрметті азаматы», жерлесіміз Бибігүл Дәндіғараева арнайы келіп, жерлестерімен жүздесті.

Екінің бірінің сын сағатта көзсіз батылдыққа, жан-қиярлыққа бара алмайтыны рас. Бибігүл Дәндіғараеваның жүректен шыққан отты сөздері қиратушы топты райынан қайтарды. Міне, тілдің құдіреті! «Бір ауыз сөз қасіретті тияды, бір ауыз сөз дертке шипа болады» деген Кәкімбек Салықовтың толғауы осындайда еріксіз еске түседі.

Сын сағатта ерлік көрсеткен жерлесіміз аудандық кітапханада  өткен іс-шарада артта қалған күндердің естеліктерімен бөл-істі. Аудандық Ішкі саясат, мәдениет және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен аталмыш іс-шараға тарихты қорғап қалған батыр анамен бірге аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Бақыт Сқабаев, аудандық Ішкі саясат, мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Гаухар Аманжолова, аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Самат Рақышев, сондай-ақ ұстаздар мен оқушылар қатысты.

Кітапхананың жас оқырман-дары мен Бақанас мектеп-интер-натының кітапханашысы Жанна Нақақызы тарихты қорғап қалған батыр анаға сауалдар қойып, оған тұщымды жауаптар алды.

Жолдауды-қолдау мақсатында ауданымызға арнайы атбасын бұрған Бибігүл Дәндіғараева бұдан соң аудан орталығындағы М.Сеңгірбаев атындағы орта мектепке барды.  Және Ақжар, Желтораңғы ауылдарына барып, ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізіп, Жолдаудан туындайтын міндеттерді әңгіме өзегіне айналдырды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр