Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Қоғам, мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны - Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді.Қоғам адамдардың қауымдастығы болғаннан кейін мұнда адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасай отырып, әр ортада белгілі-бір этиканы сақтайды. Этика - дегеніміз тәртіп сақтау ережелері. Ол қоғамда белгілі-бір нормаларға сай өмір сүретін қағидалардың жалпы жиынтығы. Ал бұл нормалар адамдарың мораль және адамгершілік қасиеттерінің болуымен тығыз байланысты. Мораль және адамгершілік туралы ілім этика (әдеп) болып табылады. Сондықтан этика ілімінің негізінде қалыптасқан, яғни адамгершілік құндылықтарды сақтай отырып, адамдардың бір-біріне нұқсан келтірмейтін қоғамда тәртіп сақтау ережелері қалыптасты. Белгілі-бір тәртіпсіз өмір сүру мүмкін емес, себебі егер қоғамда белгілі-бір этика сақталмайтын болса адамдардың арасында қатынас босқа айналып кетуі мүмкін. Сондықтан әр қоғамда адамдардың тәртібін адами тұрғыда бақылайтын, теріс қылықтарды азайтатын белгілі бір нормалар жиынтығы құрылған. Мысалы: үлкендерге құрмет көрсету, қоғамдық орындарда тәртіпті сақтау және т.б. Этиканы сақтау өмірдің әр саласында әртүрлі. Этиканы қызмет бабында сақтау өте маңызды мәнге ие болып табылады. Соның ішінде мемлекеттік қызметшілердің этикасы басты назарды аудартады. Мемлекеттік қызметкер әртүрлі қоғам мүшелерінің өкілдерімен жұмыс істейтіндіктен аса үлкен дайындықпен қызмет атқару тиіс. Қызмет орнында өзін-өзі ұстай білу, сыртқы бейнесі мен киім үлгісі тәртіпке сай болуын қадағалау, қимыл-әрекеттерін әңгіме кезінде қолдана білу, анық әрі түсінікті жүйелі түрде сөйлей білу - осылардың барлығы қызметкердің кәсіби этикалық құндылықтарына және жалпы қабылданған этика жүйелеріне жатады.
Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің қызметте және күнделікті өмірде жүріс-тұрыстарының стандартын бекітті. Соның негізінде енді мемлекеттік органдарда этика бойынша арнайы уәкілдер жұмыс істейді. Әдеп кодексінің жаңа редакциясына сәйкес Әдеп жөніндегі уәкіл сондай-ақ, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органда мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды мүдделері бұзылған жағдайларда оларды қорғау және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдап, басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Еліміздің ертеңі мен бүгінгі мемлекеттік қызметшілердің адамдық парасаты мен ар ождан және кәсібилігіне байланысты болғандықтан, «Біздің міндет-халыққа қызмет», - деп елге деген адалдықтың ақ туын абыроймен ұстануымыз керек.
Аудандық экономика және қаржы бөлімі.