Мүшәйраның ережесі

Алматы облысының мә-дениет, архивтер және құжаттама басқармасы Қазақтың қаһарман қолбасшысы Қаракерей Қабанбай батырдың 330 жылдығына арналған «Дарабоз батыр - Қабанбай» атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасын ұйымдастырады.

Мүшәйра 2022 жылдың тамыз-қыркүйек айларында Талдықорған қаласында өтеді.

 

Мүшәйраның мақсаты:

- Қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын насихаттау, күллі қазақ халқына қауіп төнген ХVIII ғасырда ел қорғаған ерлердің бірі - Қазақтың қаһарман қолбасшысы Қаракерей Қабанбайдың батырлығын насихаттау арқылы еліміздің рухани бірлігін нығайту;

- Хан батыр атанған Қаракерей Қабанбайдың артында қалдырған ерен ерлігін, батырлығын насихаттап, жаңғыртып, жаңаша дамытуға жол ашу;

- Қазақ еліндегі батырлықтың, ақындықтың, даналықтың төресіне айналған батырлардың өнегелі өмірін дәріптеп, ел аузында сақталған өзіне тән ерекшеліктерін әспеттеп, әсерлі  жеткізуі;

- Ел арасындағы таланттарды іздеу, олардың шығармашылық ізденісіне дәнекер болу.

 

Мүшәйра тақырыбы:

1.      Қаракерей Қабанбайға арнау (1 өлең – 15-20 шумаққа дейін, поэма –50 шумаққа дейін).

 

Мүшәйраның талаптары:

Ақындар, өз шығармаларында баба рухын асқақтатар батырлықты жырлау, елін, жерін сүюге шақыру, отансүйгіштік қасиеттерді жастар бойына ұялату.

 

Мүшәйраның шарттары:

Мүшәйра ашық түрде өткізіледі. Өлең-жырлар 2022 жылдың 1 сәуірінен мамыр айының 31-не дейін қабылданады. Ақындардың жасына шек қойылмайды.

Байқауға келіп түскен өлеңдер алдын ала қазылар алқасының талқылауынан өтіп, іріктеледі.

Сұрыптаудан өткен өлеңдер ғана республикалық ақындар мүшәйрасына ұсынылады. Мү-шәйраның жүлде қоры «Нақ-Бірлік» қоғамдық қоры арқылы атқарылады. Мүшәйра өлеңдерін жинақтап, кітап етіп шығару облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы арқылы шығарылады.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Қаракерей Қабанбай батырдың 330 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтетін күні жүргізіледі,  жүлдегер ақындарға алдын ала хабарланады.

Марапаттау сәтінде жүлделі орындарға ие болған өлең авторлары өз шығармаларын мәнерлеп оқуға және жатқа оқуларына мүмкіндік беріледі.

Мүшәйраға қатысатын өлең-нің бір данасын және жеке суретін төменде көрсетілген электронды поштаға жіберу қажет. Автор өзі туралы толық мәліметті қосымшадағы өтінімде көрсетуі керек.

 

Жүлде қоры: 

Бас жүлде – 1 

Бірінші орын – 1

Екінші орын – 1 

Үшінші орын – 1 

Ынталандыру – 3 

Тапсырылатын құжаттар:

• үлгі бойынша өтінім;

• заңды түрде расталған төлқұжатының көшірмесі;

• қатысушының 10 х 15 түрлі-түсті фотосуреті;

 Қосымша анықтамалар алу үшiн мына мекен-жайға хабарласу қажет:

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітап-ханасы Талдықорған қаласы,  Назарбаев даңғ, 91/99.

 

Байланыс телефондары:

8 (7282) 24-74-67; 24-11-23.

Электрондық пошта: bibl-biblio@mail.ru

 

Қазақтың қаһарман қолбас-шысы Қаракерей Қабанбай батырдың 330 жылдығына арналған «Дарабоз батыр - Қабанбай» атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасына өтінім.

 

Баспаға ұсынған: аудандық Орталық кітапхана.

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр