Қазіргі уақытта алаяқтар оңай олжаға кенелудің бірнеше түрлерін ойлап табуда. Сіздер алаяқтарға алданып қалып, қапа болмас үшін алдау тәсілдерінің кең таралған түрлерімен танысуға ұсынамыз.
Алаяқтар әртүрлі қызметтің өкілдері (банктің, борышкерлік кеңсесінің, сот орындаушының, микрокредиттік ұйымның, полицияның және т.б.) болып ұялы телефонмен хабарласып, сіздің жеке сәйкестендіру, жеке куәлік, банк карточкасының нөмірлерін және ұялы телефонға түскен СМС кодты біліп алуға тырысады, сөйлесу барысында сіздің дауысыңызды жазып алады, бейнебайланыс арқылы немесе фотосуретіңізді көшіріп алады. Осылайша, сіздің биометриялық мәліметтеріңізді толықтай жинап өзіне сақтайды. Жинақталған мәліметтер арқылы ұялы телефондағы банктердің қосымшасы арқылы сіздің атыңыздан несие алып, өзіне аударып алады. Бұл алаяқтықтың соңғы жаңа тәсілі болып табылады.
Одан бөлек алаяқтар сіздің банк қосымшаңызға шабуыл жасалғанын, сондықтан есеп-шотыңыздағы ақшаңызды «қауіпсіз» басқа есеп-шотқа аудару қажет деп айтқанына сенсеңіз, барлық ақшаңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін.
Алаяқтар тіпті полиция қызметкері болып хабарласып, сіздің жеке мәліметтеріңізді, оның ішінде банктік есеп-шот нөмірлерін сұрауы мүмкін.
Соңғы 3-4 жылда орын кеңінен орын алып жатқан алаяқтықтық бір түрі ол жалған хабарландыру.
Кеңінен таралған әлеуметтік желілерде көлік немесе басқада құндылықтардың сатылатыны туралы хабарландыру бойынша сөйлескенде алдын-ала төлем аударуды сұраса, сіз алаяққа хабарластым деп есептеңіз. Мүлкі адал адамдар сатылатын затты көзбе-көз көрсетпей немесе бермей жатып алдын-ала төлем сұрамайды.
Есіңізде болсын: «қауіпсіз» есеп-шот болмайды!
Есіңізде болсын: полиция мен банк қызметкері ешқашан банктік есеп-шотыңыз, жеке басыңыз туралы ақпарат сұрамайды! Есіңізде болсын: хабарландыруға сенімсіз болсаңыз алдын-ала төлем аудармаңыз! Бұлардың барлығы тек алаяқтардың арам жолмен сіздің ақшаңызға ие болудың амалдары, сондықтан алаяқтардан сақ болуды назарыңызға саламыз.
Балқаш аудандық прокуратурасы.