ЗАМАНЫНЫҢ ЗАҢҒАР ТҰЛҒАСЫНА АРНАЛДЫ





през.JPG

Өткен аптаның сейсенбісі күні  аудандық тарихи-өлкетану музейінде, аудандық білім бөлімінің және  «Д. Қонаев» қорының ұйымдастыруымен «Ұлыларды ұрпақ үшін ұмытпа» тақырыбында, Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Елу жыл ел ағасы» атанған Ұлы тұлға-Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына- 110 жыл толу құрметіне  аудан  мектептерінің мектепішілік Парламент  ұйымдарының және  мектеп президенттері арасында аудандық  «Үздік мектеп президенті» байқауы болып өтті.

Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру, елімізге танымал тұлғалардың ерен еңбектерін насихаттау. Сол арқылы оқушылар бойында патриоттық сезімін ояту, үлгі көрсету мақсатында ұйымдастырылған байқаудың негізгі шарттарын атап айтар болсақ, мектеп президенттерінің жұмыстарын қорғауы, сонымен қатар «Ұлыларды ұрпақ үшін ұмытпа!» тақырыбында Дінмұхамед Қонаевтың еңбектері, өмір жолы туралы тақырыптарда зерттеу жобасы.  Сондай-ақ «Отаным -Қазақстан» тақырыптарына байланысты (ән, өз шығармашылығы, көркем сөз оқу) бойынша сынға түсті.

Байқауға қатысушы үміткерлердің өнерлеріне  әділ баға берген  Ы.Ал-тынсарин атындағы төсбелгінің иегері,  «Д.Қонаев»  қорының  мүшесі, ардагер ұстаз Құрманкүл Бестерекова әділқазы алқасының төрайымы болса, аудандық білім  оқу-әдістемелік  орталығының  әдіскері Ақын Сейсекеұлы әділқазы алқасының мүшесі қызметін атқарды.   Байқауға  21 оқушы қатысты.  Байқаудың 3 кезеңі бойынша қатысушылар жеке-жеке іріктелді.

Қорытындылай келгенде  «Үлгілі» орта мектебінің  11 сынып оқушысы Жомарт Дамир Қуанышұлы «Бас жүлде» иегері атанып, ауданның  «Үздік мектеп президенті» атағына ие болды. 

Ал І-ші орынды Ә.Ахметов атындағы орта мектебінің  9 сынып оқушысы  Айшолпан Қанарбекқызы, Қарағаш орта мектебінің 10 сынып оқушысы Жадыра Берікқызы және  Ы.Алтынсарин  атындағы  орта мектебінің  10 сынып оқушысы Аянат Нұрайдарқызы жеңіп алды.

Байқаудың   ІІ-ші орынын   М.Сең-гірбаев атындағы  орта мектебінің  9 сынып оқушысы Мұхатай   Арайлым Жандосқызы, Н.Бозжанов атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Дамир Мәдениет, Ж.Бәрібаев атындағы  орта мектебінің  9 сынып оқушысы  Арын Назерке Нұрланқызы, Д.Қонаев атындағы  орта мектебінің  9 сынып оқушысы  Ануарбек Жансая Әлімжанқызы иеленді.

Ал жүлделі  ІІІ-ші орынды Бірлік орта мектебінің 10 сынып оқушысы  Мейрам Аружан,  Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гим-назиясының 11 сынып оқушысы  Нағашбай Нұрсұлтан Мақсатұлы, Ақдала орта мектебінің 10 сынып оқушысы  Мирас Бектұрсын, Ақкөл орта мектебінің 9 сынып оқушысы Әбікен Зейнеп қанағат тұтты.

 

Әр кезең бойынша байқауға қатысқан  Береке, Топар, №2 Жамбыл, Көкжиде, Жиделі, №1 Жамбыл, Аралтөбе білім шаңырақтарының оқушылары ерекше көзге түсіп, білім сайысының  «Үздік жоба», «Үздік ән», «Шығармашылық ұжым», «Үздік эссе», «Үздік оқырман», «Үздік мәнерлеп оқу»  номинацияларына лайықты өнер көрсетті.  

 

                                                           

   Бақтығали МЕЙРАМБЕКҰЛЫ, «Балқаш өңірі».  

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр