Электронды үкімет

PHOTO-2021-11-02-15-42-40 (1).jpg

Кәсібін ресми тіркемей-ақ, базарда өз бақшасында өсірген көкөнісін сатып, жеке көлігімен жолаушы тасып немесе оқушыларға қосымша білім беріп ақша тауып жүрген қазақстандықтар аз емес. Мұндай адамдарды «фрилансерлер», ал мемлекет тұрғысынан «өзін-өзі жұмыспен қамтығандар» деп атайды. Олардың табысына салық салынбайды. Демек, кәсібі «көлеңкедегі» азаматтар керек кезінде әлеуметтік жәрдемақы ала алмайды. Бұл мәселені шешу үшін 2019 жылы Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санаты үшін бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгізілді. БЖТ төрт төлемді біріктіреді. Олар: 1. жеке табыс салығы; 2. міндетті зейнетақы жарналары; 3. әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар; 4. мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар. БЖТ төлеу арқылы азаматтарға базалық зейнетақы, медициналық қызметтер, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер қолжетімді болады. Біріңғай жиынтық төлемді ай сайын қала тұрғындары - 1 АЕК, ауыл тұрғындары - 0,5 АЕК көлемінде төлейді. БЖТ төлеушілері жұмысшы жалдай алмайды және жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген болуы тиіс. Сондай-ақ олардың бір жылғы табысы 1175 АЕК шегінен аспауы керек. БЖТ кез келген банктің кассасында, Қазпошта бөлімшелерінде, сондай-ақ Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы төлеуге болады.

Аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Закон об ответственности владельцев электросамокатов одобрил Сенат
  • 372 ДТП с участием самокатов произошло в Казахстане с начала года. В них погибли три человека, 385 п
  • Контроль за электросамокатами и защита детей: закон о профилактике правонарушений направили президен
  • Көзге көрінетін өзгерістер: цифрландыру, инфрақұрылым және активтердің қайтарылуына азаматтардың көз
  • Изменения, которые видны: цифровизация, инфраструктура и возврат активов глазами граждан