КАБИНЕТТЕР ЖАҢАДАН ЖАБДЫҚТАЛДЫ
Бақбақты ауылдық округіндегі №1 Жамбыл атындағы орта мектебінің ардагер ұстаздары мен олардың ұрпақтары өзгелерге үлгі боларлықтай игі бастама жасады. Олар өздері ұзақ жылдар еңбек еткен білім шаңырағының екі бірдей математика кабинетін өз қаражаттарына жабдықтап берді.
Бақытын мамандығанан тапқан ардагер ұстаздың бірі-Білімкүл Құлтаева. Ардагер ұстаз 40 жылдан астам уақыт еңбек етсе де, бүгінде ұстаздық жолда жалықпастан әлі жұмыс жасап келеді. Биылғы жаңа оқу жылында өзінің шәкірттеріне тарту жасап, олардың білімге деген құштарлығын арттыра түсті. Жоғарғы санаттағы мұғалім кабинет ішіне бастауыш сынып оқушыларына арналған көрнекі құралдарды орнатып, заман талабына сай интернативтік тақтамен жабдықтаған.
Сонымен қатар, аталмыш білім шаңырағында 50 жылдан аса шәкірттерді білім нәрімен сусындатқан Адалбай Бейсенбиевтың ұрпақтары соңғы технологиямен толық жабдықталған жоғары сыныптарға арналған математика кабинетін тарту етті.
Қос кабинет те толық жөндеуден өткен, еденінен шамына дейін ауыс-тырылған. Енді ол жерде білім алатын оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығы артып, білімге деген құштарлығы оянары сөзсіз.
Сондай-ақ, осы мектепте қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімдері болып, осы білім шаңырағынан зейнетке шыққан ұстаздар, ерлі-зайыпты-Тоты Баситова мен Мәкен Әлібаев. Жолдасы, марқұм М.Әлібаевпен бірге ұзақ жылдар бойы жинаған кітаптарын Т.Баситова мектеп кітапханасына тарту етті. Қазынаға толы мұрағатты қуана қабылдаған мектеп ұжымы ұлағатты ұстазға алғыс білдірді.
Бұл игі бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жүзеге асырылды.
Жаңа оқу жылын тың жаңалық-тармен бастаған №1 Жамбыл атындағы орта мектебінің ұжымы оқушыларға жабдықталған жаңа кабинеттерде дәріс беруде. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында ардагер ұстаздардың білім шаңырағына жасаған ерекше тартуы мектеп оқушыларына шексіз қуаныш сыйлады.
Өз тілшімізден.