ТӘУЕЛСІЗДІК-ТҰҒЫРЫМ!

1612418652_tuelszdk.jpg


ТӘУЕЛСІЗДІК-ТҰҒЫРЫМ!
Жанна Нахақызы, Бақанас мектеп-интернатының кітапханашысы.

Тәуелсіздік таңы атқалы-30 жыл,
Азаттыққа арналады бүгінгі жыр.
Тұғырымыз биік болсын әрдайым!
Орда бұзар жасқа келді-елім бұл.

Ата-бабам аңсап өткен еркіндік,
Жаратқан ғой қазағымды еркін ғып.
Қаймықпаған батырларым жаудан да,
Ұлтарақтай жерін қорғап, мерт болып.

Жан-жағынан анталап жау азғырды,
Көтерді ғой басқа салған тағдырды.
Дес бермеді ешбір жауға берілмей,
Аманат қып ұрпағына қалдырды.

Тарих-баба қойнауында қат-қабат, 
Шежіре мен шындық жатыр шырқырап.
Ашылмаған ақтаңдақтар сырлары,
Өз кезегін күтіп жатыр сан сұрақ.

Айта берсек, таусылмайтын сыр бөлек,
Жырлайтұғын, шаршамайтын тіл керек.
Кешегі сол Желтоқсанның ызғары
Қанжар болып жүректерді тілгілеп.

Батырлардың жаратылған жанынан,
Батырлардың жаратылған қанынан.
Көк бөрінің ұрпағымыз, батылмыз,
Айбатымен жаудың бетін қайтарған.

Кең даланы дүркіреткен тұлпармыз,
Зеңгір көкте қанат қаққан сұңқармыз,
Көк туымыз, Елтаңба мен Әнұран,
Тәуелсіздік әнін мәңгі шырқармыз.

Болашаққа құтты қадам бастаған,
Қазақ болып туғаныма мақтанам!
Әлем танып мойындаған елімді,
Тәуелсіз ел! Бақытты ел деп айта алам.

Сан сынақты өткерсе де басынан!
30- жасқа аяқ басты жас ұлан,
Ата-баба орындалды арманы,
Тәуелсіз ел болып, тасы қаланған. 

Құтты болсын 30- жылдық мерейтой,
Елім үшін Қуаныш пен Бақыт қой.
Аман болсын әр қазағым, жалғызым,
Қазақстан-Тәуелсіз ел! Азат қой!


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр