Еркіндігім-аманаты бабамның

1612418652_tuelszdk.jpg

Еркіндігім-аманаты бабамның
Маржан  ШОҚАНҚЫЗЫ, мұғалім.

Азаттығым, Айбарым, Қасиеттім, 
Сен барыңда сезбеспін қасірет-мұң. 
Үні болып, Қорқыттың  қобызының, 
Домбыраға күй болып, ғасыр өттім. 

Еркіндігім - аманаты бабамның, 
Өр қазақтың намысынан жаралдың. 
Жарқ еттің де, алдаспан боп көгімде
Бір-ақ күнде күллі әлемге таралдың. 

Қолым жетті, шын арманы ең Алаштың, 
Терезем тең, өзгеге ортақ жол аштың.
Үнім азат, тілім, ділім, дін-азат
Сәулет құрып, сахарамда жарастың.

Еркіндігім-шын сыйы сен ғасырдың, 
Тауыма айбар, қырыма гүл боп ашылдың. 
Алып күннің шуағынан шапақ боп, 
Сүйіншілеп, шашу болып шашылдың.

Тәуелсіздік, сәулең оттан жарық тым, 
Сен ұлтымды ұлыларға таныттың. 
Тарихынан толғап ата-дәстүрің, 
Қайсарлығын мойындаттың, 
 Қазақ деген халықтың. 

Егемендік-жылуы ерек, жанды үміт, 
Үнім асқақ, тұр ғаламда жаңғырып. 
Қайсар елдің, қазыналы даласы,
Азат ел боп аталуы заңдылық. 
Баға жетпес сарқытындай бабамның, 
Тәуелсіздік, жасай берсін, мәңгілік.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Дала дәмі» жәрмеңкесі – береке мен бірліктің бастауы
  • Жаңа Конституция-ел тірегі
  • Глава государства рассказал об усилиях Казахстана по сохранению и восстановлению популяции редких ви
  • Алматы облысында онкологиялық аурулардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде
  • Таза Қазақстан