ТӘУЕЛСІЗБІН...

1612418652_tuelszdk.jpg

ТӘУЕЛСІЗБІН...
Мейрам ӘБІЛХАМИЕВ, аудан бойынша дін саласының инспекторы.

Еске алсам өткен жылдың ызғарын,
Болашақ болғандай бір мұзды арманың.
Бірі біліп, біреулер түсінбейді,
Сол кездерден жүректе із қалғанын.

Сан жылдар жылжып өтті соғыспенен,
Түн ұйқысын, асын да тоқ ішпеген.
Талайлар тартысқа сап қазақ жерін,
Соғыстық неміс пен де орыспенен.
Ызғары басылуда сонау күздің,
Мойынымда бүгінде жоқ-ау тізгін.
Батыр бабам өз жерін қорғап қалып,
Міне, бүгін еркінмін, тәуелсізбін.

Талайтын жан жағымнан аң жеткен көп,
Әшейін елмен бірге әндеткен боп.
Бұл күнді түсінбейтін жастарым бар,
Ешқашан бұл жайында тәубе еткен жоқ.

Түсіне алсаң түбінде мән жатқан көп,
Қазағым дамиды әлі сәулетті ел боп.
Соғыс үшін төгілген қан кепкенмен,
Ананың жүрегінен зар кеткен жоқ!

Өзгелермен бүгінде тең келесің,
Қазақ деп  ет-жүрегің елжіресін.
Тәуелсіздік-мәңгілік тұғырың боп,
Көк туымыз көгімізде желбіресін.

Тәуелсізбіз, мойынды еркін бұра аламыз,
Бақыттымыз, әрине сірә да біз.
Қазақ елін танытып бар әлемге,
Біз әлі биіктерге шыға аламыз.

Алашты арың етіп алқымдасақ,
Жүрмесін енді елімді талқанға сап.
Тағдырың мәңгі жүрсін мәнді болып,
Өркендей бер, өсе бер дархан қазақ!


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Топар ауылдық округінде «Заң мен тәртіп» аясында «Ата Заң және ауыл болашағы» тақырыбында ақпараттық
  • Казахстанцы позитивно оценивают качество своей жизни – результаты соцопроса
  • Қазақстандықтар өмір сапасын оң бағалайды – сауалнама нәтижелері
  • Астанада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады
  • Конституцияны құрметтеу - Отанға деген құрметтің көрінісі