АЗАТ ЕЛДІҢ ЖАСТАРЫ

1612418652_tuelszdk.jpg

АЗАТ ЕЛДІҢ ЖАСТАРЫ
Ахын Сейсекеұлы, аудандық білім бөлімі оқу-әдістемелік орталығының әдіскері.

Бақытты бүгін тәуелсіз ел жастары,
Қарыштап биік, алдыға қадам басқаны.
Таусылмас білім бұлағын іздеп, шаршамай,
Айдынға келіп, аққудай үлес қосқаны.

Тәрбие-тәлім бойына жиған жасынан,
Қазақтың иісі бұрқырап шығар қасынан.
Жастарға түзу Алланың аппақ ниеті,
Тәуелсіздігің - бақытың таймас басыңнан.

Жастарға сенді Мағжандай асыл даналар,
Жан бар ма ондай қазақтың жолын саралар.
Еліне еңбек еткеннің кетпес есесі,
Біз осы жолда бармыз ба бүгін ағалар?!

Өмірің-өрнек, өріліп тұрса басты арна,
 Үмітіңді ізде, өмірдің жолын астарла.
Келешегі үшін қазақтың ұлы Мағжаны,
Жалынды жырмен тапсырды үміт жастарға.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Топар ауылдық округінде «Заң мен тәртіп» аясында «Ата Заң және ауыл болашағы» тақырыбында ақпараттық
  • Казахстанцы позитивно оценивают качество своей жизни – результаты соцопроса
  • Қазақстандықтар өмір сапасын оң бағалайды – сауалнама нәтижелері
  • Астанада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады
  • Конституцияны құрметтеу - Отанға деген құрметтің көрінісі