Тәуелсіздік деген ол...
Шұға Алтынбай, зейнеткер ұстаз.
Тәуелсіздік деген ол - еркіндігі елімнің,
Тәуелсіздік деген ол - болашаққа сенімім.
Тәуелсіздік деген ол - көк байрағым тұғырлы,
Айбары мен ажары қазақ деген елімнің.
Тәуелсіздік деген ол - аманаты бабалар,
Тасқа қашап жазылған өсиеті даналар.
Кеудедегі намысы Қайраттай батыр бауырдың,
Желтоқсанда жылаған жасқа толы жанарлар.
Ел мүддесі - бір болу, мақсат болды халқыма,
Тосқауыл жоқ ешқашан дәстүрге бай салтыма.
Тәуелсізбіз қашанда мәңгілік ел атанып,
Көрінеміз біз әлі ең алдыңғы қатарда.
Таңым атқан арайлы, елім -дархан, жерім - бай,
Ел іргесі бекемді, отбасымда көңіл жай.
Жастар бүгін бақытты, өсіп келед, жайқалып,
Тәуелсіздік аспаны шуақ шашып тұрғандай.
Аңсаған ата-бабамның қастерлі күні - мереке,
Арта берсін елімде ынтымақ, бірлік, береке.
Алатаудай асқақтап, атағы асып ғаламға,
Қыраны самғап алаңсыз, қалықтасын биікте.
Қазақ елім - Тәуелсіз, мақтанышым ол менің,
Бейбітшілік жарасып, желбіресін Көк туым.
Менің ана тілегім-бар ананың тілегі,
Отан деп соқсын жастардың кеудедегі жүрегі.
Тұғырлы елдің тірегі, тұра берсін шайқалмай,
Елім деген ерлердің Жаратқан бетін қайтармай.
Ұлан-байтақ жеріме көз тіккен дұшпан бар болса,
Көк бөрінің айбаты қалқан болып қайтарғай.
Адал болсын патшамыз, халықтың қамын ойлаған,
Мықты болсын ерлерім бес қаруын сайлаған.
Беймарал өмір қазақтың еншісі болсын мәңгілік,
Ат жүгіртіп, құс салып, салт-дәстүрін сақтаған.
Білімді ұрпақ көбейсін, санасын ашып ұстаздар,
Ғарышқа туын тіксе игі, көк бұлтты жарып ұшқандар.
Уа, қазақтың ұл-қызы, намыс пен қайрат бойыңда,
Мұрағып кеткен бабаңның өсиетін ұстаңдар.
Жазылған хаттай таңбасы, тастарда қалған тарих боп,
Ғасырлар қойнын ақтарсаң, көмулі жатқан ғажап көп.
Тәуелсіз таңым атқалы отыз жылда еркіндік,
Сапқа тұрып жатқандай, Алтын адамдар қайта кеп.
Ел іргесі бұзылмай, ынтымақ, бірлік жалғассын,
Көгілдір туың желбіреп, көгіңнен күнің нұр шашсын.
Қарыштап дамып қазақтың мәртебесі биіктеп,
Өз тіліңде өз балаң, көмейінен жыр атсын