БҮЛДІРШІНДЕРГЕ ШАТТЫҚ СЫЙЛАҒАН БӨБЕКЖАЙ

БОРИХАН.JPG

30 тамыз-Қазақстан Республикасы Конституциясы күні қарсаңында,  Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орайластырып, Бақбақты ауылдық округіндегі «Күншуақ» бөбекжай балабақшасының ашылу салтанаты өтті.

Бақбақтылық бүлдіршіндерге мол қуаныш сыйлаған бөбекжайдың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Бөріхан Әбдібаев, аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Гаухар Аманжолова, аудандық Білім бөлімінің басшысы Айман Аймұханбет, Бақбақты ауылдық округінің әкімі Айдархан Түймебаев қатысты.

Ауыл тұрғындарының көптен күткен қуаныштарына ортақтасқан аудан басшысының орынбасары балабақша ғимаратының ашылу салтанатында сөз кезегін алып, ол өз сөзінде: «Бақбақты ауылындағы  балабақша көпшіліктің сұран-ысымен халық игілігіне пайдалануға беріліп отыр. Бұл – егемендігін алғаннан экономикасы өркен жая бастаған мемлекетіміздің тағы бір толағай жемісі.

Ал оны қайтадан күрделі жөндеуден өткізу үшін де мемлекет тарапынан «Жол картасы» бағдарламасы бойынша  қомақты қаржы бөлінген болатын-ды. Осы қаржыны мақсатты жұмсап, күрделі жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізген “Golden siti“  жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне  үлкен алғысымызды білдіреміз. Осы құрылыс компаниясының арқасында  Бақбақты ауылында осындай келбетті де көрікті ғимарат күрделі жөндеуден өтіп, құрылыс жұмыстары толық аяқталып, бүгін міне есігін айқара ашып жатыр.

  Балабақша сиымдылығы 84 балаға арналған. Жаңа балабақша тәрбие мен білімнің мекені болсын деп тілек білдіремін» дей келе,  жаңа ғимараттың кілтін балабақша меңгерушісінің міндетін уақытша атқарушы Жазира Дикомбаеваға салтанатты түрде табыстады.

Келесі болып ауыл тұрғындары атынан  сөз кезегін алған ауылдық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрсейіт Сарыбасов пен  «Шежіре тәлім-тәрбие отауының» төрайымы, зейнеткер-ұстаз Зәуреш Қоқанбаева жаңа балабақшаның ашылуымен ауылдастарын құттықтап, шынайы қуаныштарын жеткізді.

 

Шара соңында ғимараттың   лентасы қиылып, ауыл тұрғындарына қуаныш сыйлады.

 

Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ
  • ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕЙРАМ
  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР