БИЫЛҒЫ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ӨТТІ

ТАМЫЗ.JPG


      Алтынай СЕЙТКЕН, «Балқаш өңірі».

Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы Ахмет Байтұрсынов атамыз айтқандай: «Мектептің жаны-мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақ». Сондықтан, өткен оқу жылын саралап, жаңа оқу жылына жоспар жасалып, тамыры терең, тағылымы мол, айтары айқын, мақсаты тың тақырыптарды талқыға салатын жауапты жиын-ол Тамыз кеңесі. Тамыз кеңесін біздің аудандағы білім шаңырақтарындағы мұғалімдер қауымының да асыға күтетіні жасырын емес.

27 тамыз күні Балқаш ауданы педагогтарының «Білімді  ұлт – тұрақты даму кепілі» тақырыбында тамыз онлайн-конференциясы өтті.

Аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Дәрібаев, аудан бойынша білім саласы қызметкерлерінің аудандық кәсіподағының басшысы Сайран Смағұлов және аудандық білім бөлімінің басшысы Айман Аймұханбет, сонымен қоса конференция жұмысына арнайы шақырылған «Мирас» оқу академиясының директоры Қ.Базарбеков пен Білім берудің жаңа балама құралдары «Дарын онлайн» маманы Ерлан  Әуелбекұлы қатысқан жауапты жиынға аудан көлеміндегі ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, қосымша білім беру ұйымдарының басшылары, аудандық білім бөлімінің мамандары және әдіскерлер «ZOOM» қосымшасы арқылы қатысты.  Ал ата-аналар мен мұғалімдер Тамыз кеңесін аудандық білім бөлімінің фейсбук парақшасы арқылы тамашалады.

Конференцияда аудандық білім бөлімінің басшысы А.Аймұханбеттің «Аудан білім мекемелерінің 2020-2021 оқу жылында атқарған жұмыстары және алдағы міндеттер» жайлы баяндамасы тыңдалып, талқыланды.    

Баяндамадан кейін сөз кезегін алған Көктал ауылдық округінің әкімі Рая Бұлыбаева, Береке орта мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Гауһар Тынышбайқызы, Ақдала ауылының тұрғыны әрі ата-ана Ажаркүл Нұрланқұлова және №1 Жамбыл атындағы орта мектептің директоры Бикен Қамзиналар өткен оқу жылындағы ұстаздар қауымының ерен еңбектерін атай келе, бүгінгі таңдағы білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы, оқулықтармен қамтылу, кадрлар мәселесі, биылғы білім саласындағы өзгерістер жайлы тоқталды.

Тамыз кеңесін қорытын-дылаған аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Темірғалиұлы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин атындағы төс-белгісін» Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Дидар Әбжановаға табыстады. Сонымен қоса, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамотасымен Айгүл Қалиева, Раушан Асанбекова, Айман Сүндетбаева, Роза Наймантаева, ал   Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің  Алғыс Хатымен  Зульфия Войцеховская, Шамшия Сыздықбаева, Амантай Шалғынбекова және Ғалия Тойбаевалар марапатталды.

Тамыз кеңесінде алдағы мерзімде бетпе-бет оқытуға байланысты туындаған проблемаларды шешу жолдары, аудан педагогтарының жаңа оқу жылына дайындығы, жекелеген мектептерді жетіспейтін кадрлармен толықтыру мәселелері, алдағы оқу жылында оқушылар біліміндегі олқылықтарды жою барысында атқарылатын шаралар талқыланды.

Ұрпақтың жұлдызын жағып, мәртебесін биіктететін де, тағылымын қалыптастырып, танымын кеңейтетін де ұстаздар қауымы болғандықтан, жыл сайын өтетін аудандағы білім беру қызметкерлерінің Тамыз кеңесінің де берері мол.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр