Әлибек БӨПЕШБАЕВ, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.
Бұған дейін (1998 жылдың 20 қаңтарынан бастап) 22 қыр-күйекте атап өтілетін мереке, 2017 жылғы үкімет басшысының «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулысымен 5 қыр-күйекке ауыстырылғаны бе-лгілі. Атаулы датаның өзгеру себебі - «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты. Олай болса, 5 қыркүйек күні барша қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тілдер мерекесін атап өтуде.
Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында тіл мәселесіне айрықша тоқталып өтті. Президент: «Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала беретіндігін және әрбір азамат қазақ тілін жетік меңгеруге басты ден қою керектігін» ерекше атап өтті. Бүгінгідей жаһандану заманында неше тілді меңгергенімен, өз ана тілімізге деген құрмет пен тазалық қашанда жоғары болуы керек.
Туған тілдің абыройын асқақ-тату - әрбір азаматтың қасиетті әрі абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымыз, салт- санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениетімізбен тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор.
Қазақстан Республикасын-дағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бағытында ауданда бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Тілдік ахуалды зерделеу барысында әр тоқсан сайын ауданға қарасты мемлекеттік мекемелердің және ауылдық округ әкімдіктерінің кіріс-шығыс құжаттарына және ресми сайттарға талдау жұмыстары жүргізіліп отырады. Аудандағы мемлекеттік тілдің қолданылу көрсеткіші 8 айдың қорытындысы бойынша 99,6 пайызды құрады.
Аудан бойынша мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қолданыс аясын арттыруға бағытталған іс-шараларды өткізу дәстүрлі түрде жолға қойылған. Тіл саясатын насихаттау бағытында ауылдық округ әкімдіктерімен, білім беру мекемелерімен, «Тіл» оқу-әдістемелік» орталығы, кітапханалар, мәдениет үйле-рімен тұрақты түрде іс-шаралар өткізіліп, әлеуметтік желі парақшаларында жарияланып отыр.
Аудан көлемінде өткізілген байқауларға ауылдық округтер мен мекемелер белсенді түрде қатысып, үздіктері облыстық байқауларға қатыстырылып ке-леді. Облыстық байқауларға ауданның қатысу деңгейі - 100 пайызды құрайды. Қатысушылар басқарманың арнайы жүлделері мен ынталандыру дипломдарына, Алғыс хаттарымен марапатталды. Оның ішінде атап өтсек, мемлекеттік тілді бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау аясында ұйымдастырылған «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауында ауданнан қатысқан «Балқаш өңірі» газетінің тілшісі А.Сейткен басқарманың ынталандыру дипломымен және арнайы сыйлығымен марапатталды. Тіл білгерлері арасында Қарасай ауданында өткен «Тіл - парасат» атты облыстық байқауына Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Синельников Андрей қатысып, басқарманың Алғыс хатымен және ынталандыру сыйлығына ие болды. Алматы облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен облыс деңгейінде мемлекеттік қызметшілер арасында онлайн режимде өткен «Жетісу-кітапқұмарлар өлкесі» атты бай-қауына бөлімнің бас маманы Г.Сәлімжанова қатысты. Өзге де тілдік байқауларға қатысқан қатысушылар ынталандыру марапаттарына ие болды.
«Тіл» оқу-әдістемелік филиалымен «Қазақ тілін оқытуға арналған типтік бағдарлама» бойынша онлайн форматта мемлекеттік тілден және ағыл-шын тілінен аптасына 2 рет сабақ өткізіліп отыр. «Қаз Тест» жүйесі бойынша осы жылы 500-ге жуық тұрғыннан тест алу жоспарланған.
Халыққа қызмет көрсету орындарындағы (дүкендер, шаштараздар, кафелер, дәмханалар т.б.) деректемелер мен көрнекі ақпараттардың заңнама талаптарына сәйкес рәсімделуін қадағалау мақсатында маусым- қыркүйек айлары аралығында өткізілген «Тіл тазалығын сақтайық!» акциясы барысында аудан көлемінде жұмысшы топ мүшелерімен және ауылдық округ әкімдіктері арқылы рейд жұмыстары жүргізіліп, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 21-бабы талаптары мен «Жарнама туралы» Заң бойынша түсіндіріп, олардың сауатты, қатесіз, талапқа сай жазылуын қамтамасыз ету қажеттігін түсіндіріп, тіл нормаларына сәйкес рәсімделуіне зерделеу жүргізіп, әдістемелік бағыт-бағдар берілді. Жалпы, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, қолданыс аясын кеңейту, тазалығын сақтау аясында ауданда жұмыстар басшылыққа алынып, осы бағытта тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Барша аудан тұрғындарын, тіл жанашырларын айтулы мерекемен құттықтай отырып, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеруге әркез атсалысайық, дегім келеді.