БҮЛДІРШІНДЕРГЕ ШАТТЫҚ СЫЙЛАҒАН БӨБЕКЖАЙ
30 тамыз Қазақстан Республикасы Конституциясы күні қарсаңында, Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орайластырып, Бақбақты ауылдық округіндегі «Күншуақ» бөбекжай балабақшасының ашылу салтантты өтті.
Бақбақтылықтылық бүлдір-шіндерге шаттыққа толы мол қуаныш сыйлаған бөбекжайдың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Бөріхан Әбдібаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гаухар Аманжолова, аудандық білім бөлімінің басшысы Айман Аймұханбет, Бақбақты ауылдық округінің әкімі Айдархан Түймебаев қатысты.
Ауыл тұрғындарының көп-тен күткен қуаныштарына ортақтасқан аудан басшысының орынбасары балабақша ғимарат-тың ашылу салтанатында арнайы сөз кезегін алып, ол өз өзінде: «Бақбақты ауылындағы бөбекжай балабақша көпшіліктің сұранысымен халық игілігіне пайдалануға беріліп отыр. Бұл – егемендігін алғаннан экономикасы өркен жая бастаған мемлекетіміздің тағы бір толағай жемісі.
Ал оны қайтадан күрделі жөндеуден өткізу үшін де мемлекет тарапынан «Жол картасы» бағдарламасы бойынша қомақты қаржы – 367.2 млн. теңге бөлінді. Осы бөлінген қаржыны мақсатты жұмсап, күрделі жөндеу жұмысын сапалы жүргізген “Golden siti“ жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне үлкен алғысымызды білдіреміз. Осы құрылыс компаниясының арқа-сында Бақбақты ауылында осындай келбетті де көрікті балабақша күрделі жөндеуден өтіп, құрылыс жұмыстары толық аяқталып, бүгін міне ашылып жатыр.
Жалпы құрылыс жұмыс-тарына 367,2 млн. теңге бөлініп, бөлінген қаражат толықтай игерілді. Балабақша сыйымдылығы 84 балаға арналған. Жаңа балабақша тәрбие мен білімнің мекені болсын деп тілек білдіремін» дей келе, жаңа ғимараттың кілтін балабақша меңгерушісі Жазира Дикомбаеваға салтанатты түрде табыстады.
Келесі болып ауыл тұрғындар атынан сөз кезегін алған ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрсейіт Сарыбасов пен «Шежіре тәлім-тәрбие отауының» төрайымы, зейнеткер ұстаз Зәуреш Қоқанбаева жаңа балабақшаның ашылуы мен ауылдастарын құттықтап, шынайы қуаныштарын жеткізді.
Шара соңында ашылу салтанатының арнайы лентасы қиылды.
Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».